«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сатып алулардың жаңа ережелерінде кемшіліктер бар

2018 жылғы 09 Қараша
- Ақтөбе облысы
5357 просмотров

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына енгізілген  кезекті түзетулер іс жүзінде күтілгендей әсер бермеді. Ақтөбе облысының кәсіпкерлері жаңа құжатты олардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алып түзетуді сұрап отыр

 Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары ережелеріне  қатысты мәселелер бойынша дөңгелек үстел өтті. Аталған ережелер биыл шілде айында қолданысқа берілді.

 Жаңа ережелердің кейбір тармақтары бойынша кәсіпкерлерде сұрақтар туындаған, өйткені ережелерге сәйкес кәсіпкерлердің жұмыс істеуі кейбір тұстарда шектелген. «Ақтөбеқұрылысмонтажсервис» компаниясы талқыланып жатқан нақты ұсыныстардың бастамашысы болды.

 «Мәселен, 10-тармақты қарастырып көрелік. Мұнда жіберу хаттамалары, қарау, ашу хаттамалары, байқау қорытындылары қазір бәріне бірдей жабық болады деп жазылған. Ескі ережелерде болса, хаттамаларды бәрі көре алатын. Қазір қорытындыны тек байқауға қатысушылар мен өкілетті орган ғана қарай алады. Енді прокуратура, қаржы полиция да байқау қалай жүріп жатқанын бақылай алмайды», – деді компания өкілі.

Қызу пікірталас барысында порталда барлық ақпарат, байқау хаттамалары, аралық нәтиже барлығы ашық берілуі  бойынша ұсынысты енгізу туралы ортақ шешім жасалды.

 50  млн теңгеден асатын ірі тендерлер, мәселен мұнай-газ саласында кәсіпкер тексеру уақытында байқауды тоқтата тұруға өтініш жасағаны кезде  төтенше тексеру құқығын прокуратураға беру ұсынысы айтылды.

 Нәтижесінде белгілі тармақтар бойынша келісімге қол жеткізіліп, нақты ұсыныстар жасалды, оларды хатқа түсіріп, сәйкес өкілетті органға жібереді.

 

 «Бұл жиынды отандық өндірушілерді жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында алға жылжытуды қарастыратын комиссия қызметі аясында жүргізіп жатырмыз. Әрине, бұл жұмыс осы қызметті реттейтін нормативтік құжаттардың мәселелерінен тыс қалуы мүмкін емес. Біз осы мәселені шешіп, ереженің қандай тармақтары кәсіпкерлер құқығын шектеп тұрғаны, олар барлық кәіпкерлер немесе белгілі бір топтағы кәсіпкерлер құқығын ғана шектеп тұрғанын анықтауымыз керек. Қазіргі таңда Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемелекеттік сатып алулар жүйесін автоматтандыру және қайта қарау, оның ішінде жер қойнауын пайдалануышлардың сатып алуларында отандық тауар өндірушілерді алға жылжыту мәселесі қаралып жатқанын айтап өткім келеді», – деді ӨКП директоры Нұрлыбек Мұқанов.

 Ары қарай Өңірлік кәсіпкерлер палатасы осы бағытта республика деңгейінде басқа өңірлерді қосып, кеңейтілген жиын өткізуді жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер