«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Дер кезінде субсидиясын ала алды

2018 жылғы 18 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
3983 просмотров

Жақында Кәсіпкерлер палатасы басшысының атына аралдық кәсіпкерден хат келді. Хатта кәсіпкер Палата мамандарына алғысын білдіріпті. Назарларыңызға хаттың мәтіні мен кәсіпкерге кеңес беріп,қаржысын еселеуге үлес қосқан Палата мамандарының кеңесін ұсынып отырмыз.

 Хатта: «Біз Арал ауданында «Абдикеров Жұбатыр Жаксыбаевич» шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысып келеміз. Осы жылы кәсібімізді ұлғайту мақсатында және жем-шөпке тәуелді болмас үшін, шөп оратын және пресс жинайтын техникалар алуға бел будық. Облыстық кәсіпкерлер палатасы қандай техника алу керек, қайдан алу керек, атап айтқанда «жатка валковая» және «пресподборщик»-ті дер кезінде алуға түсінікті етіп кеңес беріп, инвестициялық субсидия алуға қолдау көрсетті. Дер кезінде мұндай Палата тарапынан қолдау болмаған жағдайда, кешіккендіктен субсидиялаудың жаңа ережесіне кез болып, алатын субсидиямыздың көлемі 1 млн.теңгеден аспайтын еді. Дұрыс әрі уақытылы көмектің арқасында инвестициялық субсидияның 3 млн.теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болдық. Осыған сәйкес, «Ж.Ж.Абдикеров» шаруа қожалығы атынан Палатаның ауылшаруашылығы бөліміне алғыс білдіреміз!», - деп жазылған.

Бұл мәселеге қатысты Палатаның Агроөнеркәсіп кешені бөлімінің бастығы Жасұлан Серіков: «Бізге күнделікті кеңес алуға кәсіпкерлер келеді. Соның бірі «Абдикеров» шаруа қожалығы жазда хабарласқан еді. Нақтырақ айтсақ, екі ауылшаруашылық техникасын алуға көмек көрсетіліп, әрі қарай тиесінше сол техникаларына кеткен шығынның бір бөлігін субсидия алуға сүйемелдеу алуға болатындығы түсіндірілді және көмек жасалды. «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялаудың» жаңа қағидасы 17 қыркүйектен бастап күшіне енді. Жаңа қағида бойынша субсидияда өзгерістер бар. Мәселен, кейбір қызмет түрлері бойынша артса, енді бірінде кеміді. «Абдикеров» шаруа қожалығы тарапынан жаңа ереже күшіне еніп кеткен жағдайда 3 есе аз алуы мүмкін еді. Осы жайттарды ескере келе, біз кәсіпкерге дер кезінде құжаттарын тапсыруды ұсындық. Дер кезінде бірлесе жұмыс жасаудың нәтижесінде кәсіпкер 3 млн. теңге көлемінде субсидияға ие болды», - деді.

 Ауыл шаруашылығы немесе субсидияға қатысты сұрақтар бойынша кәсіпкерлер Палатаға келіп, мамандардан кеңес ала алады. Жауапты маман Жасұлан Серіков. Байланыс телефоны 8 /7242/ 40-09-81 /ішкі 4316/.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер