«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мобильді қосымша заңсыз тексерулерді алдын алады

2018 жылғы 06 Тамыз
- Алматы қаласы
5667 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы былтыр Бас прокуратура Құқықтық статистика және анрайы есеп комитетімен әзірленген «Qamqor» мобильді қосымшасы бизнесіңізді заңсыз тексерулерден сақтайтынын хабарлайды:

-егер сіөзге тексерумен келсе, сіз кез келген мемлекеттік органның  (санитариялық-эпидемиологиялық, өрт қызметі, салық органы және т.б.) тексеру заңдылығын  тексере аласыз;

-сіздің кәсіпорныңызға жоспарланған тексеру жайында алдын ала білетін боласыз.

 Мобильді қосымша Android телефондарына (https://play.google.com/store/apps/details?id=com.zerotoonelabs.businesssupport&hl=ru), сондай-ақ iOS (https://appsto.re/us/tOyoib.i) платформасына қондыруға болады.

 

«Qamqor» мобильді қосымшасы қалай жұмыс істейді?

1.            Смартфоныңызға қосымшаны жүктеп аласыз.

2.            Тексеру тағайындау актіның номерін енгізесіз (авторизация жасау міндетті емес).

3.            Тексеру нысанын, мерзімі туралы толық ақпарат ала аласыз.

4.            Егер олқылық анықталса, осы қосымша арқылы шағым жібере аласыз.

5.            Мобильді топ түскен шағымды қарастырады.

6.            Егер тексеру негізсіз болса, тексеру жоққа шығарылып, тексеруші тұлғалар жауапкершілікке тартылады.

Қосымша жоспарланған тексеру жайында алдын ала хабарлайды, ол үшін:

1)            ЖШС немесе жеке кәсіпкерлік ретінде тіркелу керек;

2)            Қосымшаның жөндеуінде PUSH-хабарламаларға жазылу керек;

3)            ЖШС немесе жеке кәсіпкерлігіңізге жаңа тексеру тағайындалған жағдайда сіз PUSH-хабарлама аласыз.

Бұған қоса егер белгілі бір сұрақтар туындаса қосымша арылы Құқықтық статистика комиеті қызметкерлеріне қосымшаның онлайн чаты арқылы ха жолдай аласыз, сондай-ақ мұнда ең өзекті мәселерге жауап алуға болады.

Кәсіпорынды тексеру барасында бизнесмен мынаған құқылы:

  Егер олар Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілмесе немесе егер олар актіде көрсетілген кезеңге жатпаса, тексерушінің сұрауы бойынша мәліметтерді ұсынбауға;

2.Тексеруші үшін кедергі жасамай тексеруге аудио және бейне түсірілім жүргізуге;

3.            Тағайындау туралы, тексеру нәтижелері туралы актіге, сондай-ақ тексерушінің іс-әректтеріне жоғары тұрған мемлекеттік органға не сотқа шағым түсіруге;

4.            Тексерушілердің сіздің қызметіңізді шектейтін заңмен негізделмеген тыйымдарын (мәселен, оған негіздемелер болмаса, қызметті тоқтата тұру туралы талап) орындамауға;

5.            Тексеруді жүргізу кезінде жеке қатысуға не сіздің мүддеңізді және құқықтарыңызды білдіретін үшінші тұлғаларды тартуға құқылысыз

Қандай тексеру заңсыз болып танылуы мүмкін?

 Тексеру Кәсіпкерлік кодекс талаптарын өрескел бұзумен жүргізілсе, жарамсыз деп танылады, олардың ішінде:

 1. Тексеру үшін негіздемелердің болмауы;

2.            Тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;

3.            Алдағы тексеру туралы хабарлау мерзімдерін сақтамау;

4.            Ерекше тәртіп бойынша тексерулердің және ішінара тексерулердің мерзімділігін бұзу;

5.            Тексеруді тағайындау туралы актіні ұсынбау;

6.            Мемлекеттік органның құзыретіне кірмейтін тексерулер;

7.            Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында (Бас прокуратура) тексеруді тағайындау туралы актіні тіркемей тексерулерді жүргізу;

8.            Тексерулерді жүргізу мерзімдерін бұзу.

Бизнесмен тексерулер туралы не білуі керек

 

1. тексеру барысында тексеруші көрсетіге міндетті:

1. Облысыңыздағы (қалаңыздағы) прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасында оның тіркелуі туралы мөртаңбамен Тексеруді тағайындау туралы акт.

2. Қызметтік куәлік.

3. Тескеруге жататын талаптарды көрсете отырып, тексеру парақшасы.

 4.30 жұмыс күнінен аспауы қажет. Алайда арнайы зерттеулерді, сынақтарды, сараптамаларды өткізу қажеттілігіне қарай, тексеру көлеміне байланысты бұл мерзімді тексеруші органның басшысы тек қана бір мәрте ұзартуы мүмкін. Ұзарту мерзімі 30 жұмыс күнінен аспауы тиіс.

5.Тексерудің заңдылығын ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық сервисінде: «Бизнесіңізге тексеру жүргізудің заңдылығы» деген бөлімде анықтауға болады http://qamqor.gov.kz/portal/page/portal/POPageGroup/Services/Su.

6. Екі данада тексеру нәтижелері туралы акт жасалады, оның біреуі кәсіпкерге табыс етіледі. Егер ескертулеріңіз немесе қарсылықтарыңыз болса, сіз оларды жазбаша түрде баяндап, одан кейін актіге қоса беруіңізге болады. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер