«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы «Ісіне адалдығы үшін» медалімен марапатталды

2018 жылғы 25 Маусым
- Қызылорда облысы
4292 просмотров

Жанна Аманова 2016 жылдан бастап Қызылорда облысындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы қызметін абыройлы атқарып келеді.

Бүгінгі күнге дейін Кеңес төрайымы Алматы Менеджмент Университетімен әріптестік негізде бірге жұмыс жасап, нәтижесінде Университеттің білікті мамандары Қызылордада тегін оқыту курстарын өткізіп келеді. Мұнан өзге, облыста жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматшаларға арнап «Қыз-келіншектер бизнесі», «Тренерлер мектебі», «Әйелдер онлайн бизнесте» жобаларын енгізді. Аталмыш жобаларға бүгінгі күнге дейін 500-ге жуық қыз-келіншектер қатысып, тегін білім алды. Білімді теориялық тұрғыдан алып қана қоймай, практикалық тұрғыдан да толықтырып, жұмыс жасап тұрған нысандардың жұмысымен танысты, біліктілігін жетілдірді.

Қазіргі таңда Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері аудандарды аралап, «SMM-маман» курсында оқыту үшін ауылдағы қыз-келіншектермен кездесіп, іріктеу кезеңін өткізуде. Курс нәтижесімен үздік оқыған азаматшаны жұмыспен де қамтымақ.

«Атамекен» ҰКП саласына 2014 жылы бизнес-тренер ретінде келген болатынмын. Кәсіпкерлер палатасының жұмысы көңілімнен шықты. Өзіме кәсіпкер боламын деген азаматтарға бағыт-бағдар бергені, оқытатыны ұнады. Сондықтан да Іскер әйелдер кеңесін басқаруды тапсырғанда қуана-қуана келістім. Қазір кәсіпкер болуға ниетті қыз-келіншектерге жол сілтеп, кәсібін ашуға көмек көрсетіп жатырмыз. Ұлттық палатаның осы жылғы Съезінің ерекшелігі -  республикалық Іскер әйелдер кеңесі әйелдер кәсіпкерлігін қаржылай қолдау үшін Еуразиялық Топпен (ERG) және Қазақстан халық банкімен меморандум жасады. Нәтижесінде Халық банк осы жылдың өзіне қыз-келіншектер кәсіпкерлігін қаржыландыруға 1 млрд.теңге бөліп отыр. Бұл қаржы жеңілдетілген 5 пайыздық несиемен беріледі. Бұл дегеніміз кәсіпке бет бұрғысы келген барлық қыз-келіншектерге көрсетілген айрықша қолдау деп білемін», - дейді Жанна Аманова.

Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Съез жұмысы біте салысымен қызылордалық қыз-келіншектермен кездесіп, республикалық Съезде қабылданған игі жаңалықтармен бөлісуде, қыз-келіншектерді кәсіппен айналысуға шақыруда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер