«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әйелдер кәсіпкерлігі шағын несиелеумен қамтылады

2018 жылғы 20 Маусым
16058 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі  ERG Еуразиялық Тобы және Қазақстанның Халық банкімен әйелдер бизнес-жобаларына қаржы бөлу  туралы меморандумға қол қойды.

Бұл құжаттарға Астанда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі аясында өткен Іскер әйелдер Конгресі барысында қол қойылды.

Ұлттық палата басшысы әлемнің танымал трендтері мен экономика дамуындағы драйверлердің бірі болып танылған әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың маңыздылығын атап өтті. Статистикаға сәйкес әйелдердің мүмкіндіктері зор әрі экономикада көшбасшылық мәртебесі жоғары мемлекеттер анағұрлым дамыған және табысты болып келеді.

«Қазақстан бұл тенденциядан қалмай келеді: бүгін біздің әйелдер мемлекет дауына айырықша үлес қосуда. Олар мемлекеттік қызмет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау сынды экономиканың түрлі салаларында ерекше жауапкершілікпен қызмет етеді», – деді Тимур Құлыбаев.

ҰКП Төралқа Төрағасы «Атамекен» әйелдер кәсіпкерлігіне ұйымдастырушылық әрі қаржылай қолдау көрсететіні жайында айтты. Кәсіпкерлік негіздерін оқытуға, жаңа мамандықтарды қысқа мерзімде игеруге ерекше назар аударылатын болады.

Тимур Құлыбаев мысалға ERG кәсіпорындарына арнайы киім үлгілерін тігетін «Глобал» компаниясын келтірді. Осы компания жанынан Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Үміт» атты оқу-өндірістік кешен құрылған. «Атамекен» оқу орталықтары тізіліміне енген  «Үміт» оқу-өндірістік кешенінде қысқа мерзімді курстар бірінші кезекте мүмкіндіктері шектеулі және жұмыссыз азаматтарға арналған.

Сәуір айынан бастап он шақты әйел «тігінші» мамандығы бойынша оқудан өтті. Қазіргі таңда «пішу және тігу» мамандығы бойынша жаңа лекті оқыту жүріп жатыр. Тимур Құлыбаевтың айтуынша әйелдер жаңа мамандықты игеруге мүмкіндік алып отыр, бұл жергілікті кәсіпорындарда жұмыс табуға, тұрақты табысқа жетуге және өз отбасыларының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жол ашады.

«Тамаша тәжірибе. Біз бұл мысалды білім беру бағдарламаларының тиімділігін арттыру мақсатында Үкіметке де ұсынып отырмыз. Ал ERG-дің ұзақ мерзімді шарттары арқасында «Глобал» компаниясы өз бизнесін кеңейтіп, Ақтөбе облысынан басқа Қарағанды облысында да жұмыс істейтін болады», – деді Тимур Құлыбаев.

«Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі әйелдер кәсіпкерлігін қаржылай қолдау үшін Еуразиялық Топпен (ERG) және Қазақстан халық банкімен меморандум жасады. Құжаттарға Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова, «Қазақстан халық банкі» АҚ Басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова және ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич қол қойды

 

«Еуразиялық топ қызмет атарған уақыт аралығында бізге сенім артып отырғандардың әл-ауқаты мен өркендеуін қамтамасыз етуге ұмтылып келеді, – деп атап өтті ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. – Қызметкерлеріміз бен ERG кәсіпорындары орналасқан «туған» қалаларымыздың тұрғындары жалпы толық жетіліп, өздерін дамыта алулары үшін жағдай жасаймыз. Біз кәсіпкерліктегі экожүйені жоспарлы түрде дамытамыз».

Меморандумға сәйкес Еуразиялық топ «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қайтарылатын негізде қаржы қаражатын бөледі. Қаражат Қазақстан Республикасында әйелдердің бизнес-жобаларын дамытуға және қолдауға бағытталады. Қаржылық қолдауды Қазақстан халық банкі де қамтамасыз етеді.

«Біз әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыруды ашып, 1 млрд теңге бөлеміз. Бұл ақша 2018 жылдың соңына дейін есептелген. Қаржыландыру мөлшерлемесі 5%, әйелдерді және олардың стартаптарын, инвестицияларын, айналым капиталын қолдауға дайынбыз. Мұндай шешімді неліктен қабылдадық? Себебі, қыз-келіншектер жауапты әрі қаржылық тәртіпті сақтайды», – деп хабарлады Үміт Шаяхметова.

Жасалған меморандумдар өндірісті қосымша ындаландыру және нарықты тауар және қызметпен толтыру үшін әйелдер кәсіпкерлігінің субъектісіне шағын несие бөлу жүйесін тиімді құруға, сондай-ақ кәсібін енді бастаған қыз-келіншектерге жеке ісін жүргізуде тәжірибе жинақтауына ықпал етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер