«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін егжей-тегжейлі зерттеуді ұсынады

2018 жылғы 14 Маусым
6151 просмотров

Арнайы скрининг кәсіпкерліктің дамуына арналған жаңа бағыттарды анықтауға көмектесіп, жаңа бизнес-жобаларды құру және қаржыландыру мақсатында өңірлік даму карталарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Павлодар облысына барған жұмыс сапары барысында айтты.

 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында арнайы скрининг жасалып, 16 мың үй шаруашылығы  мен 7 мың кәсіпкерді қамтыған сауалнама жүргізілді. Аталған скрининг жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың нақты санын анықтауға мүмкіндік қана бермей, сондай-ақ өңірдің миграциялық әлеуетін тануға және жаңа жұмыс орындарын ашатын белгілі бір бизнес-жобалар құру қажеттілігін білуге жол ашты. Осы ретте жергілкті тұрғындар мен кәсіпкерлердің күткен нәтижесі мен қажеттілігі әкімдік және бизнес дамыту бойынша өңірлік картаның көрсеткіштерімен сәйкес келмеді. Демек скрининг өңірдің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, жол карталарын реттеуге көмектеседі.

 «Үкіметке еліміздің барлық өңірінде, оның ішінде Павлодар облысында осындай скрининг жүргізуді ұсындық. Бұл бизнесті дамыту үшін өңірдің шынайы әлеуетін анықтауға мүмкіндік береді. Алынған ақпарат негізінде нақты мамандану ойластырылатын өңірлік даму картасы дайындалады. Павлодар облысы – индустриялық өңір, дегенмен мұнда ауыл шаруашылығын дамыту үшін жақсы жағдай жасалған. Қартада агроөнеркәсіп және өңдеу өнеркәсібінің барлық нүктесі және олардың қажеттіліктері толық көрсетіледі. Қандай жобаларды құру қажет, қайсын республикалық бюджет есебінен, қайсын коммерциялық банк арқылы, өңірлік қаржы есебінен қолдау керек екенін көре аламыз», ­– деді Тимур Құлыбаев.

Әлеуетті кәсіпкерлерді қол жетерліктей қаржымен қамтамасыз ету үшін «Атамекен» ірі инвесторлар – компаниялар мен холдингтердің қаржысын тарту арқылы микроқаржы ұйымдарын құру тәжірибесін жалғастырады. Осындай микроқаржы ұйымдарының жұмыс тәжірибесі банк несиені қайтаруды айтарлықтай арттыратын қарыз беру бойынша  жақсы қайтарымдылықты көрсетті.

«Бұл бағдарламамен халықтың барлық санатын қамтығымыз келеді, бірақ жеке кәсіпті бастауға деген бір ғана ынта жеткіліксіз, оны барлығы да түсінеді, бұл үшін белгілі бір жағдай жасалуы тиіс. Мысалы, жоғары оқу орындарының студенттерін кәсіпкерлікпен айналысуға бағыттап қана қоймай, қаржылай да көмек береміз. Әйелдер кәсіпкерлігі де қарқынды дамып келеді. Мұнда Ұлттық палата жанындағы Іскер әйелдер кеңесі мақұлдаған жобаларды қаржыландырғымыз келеді», ­– деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

«Атамекен» басшысы Павлодар өңірінде жеке кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің белсенділігін атап өтті. Былтыр ғана қызмет көрсету, білім беру, мал шаруашылығы, нан-тоқаш пісіру өндірісі саласында 102 жоба бастау алған. Қазіргі таңда 44 мың бизнес субъектісінің 15 мыңын әйелдер басқарып отыр. «Атамекен» жеке кәсібін енді бастағандар мен жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге Ұлттық палата жанындағы Іскер әйелдер кеңесі арқылы қолдау көрсетуді жалғастыратын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер