«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Отандық тауар өндірушілерді қолдау – басты назарда

2018 жылғы 08 Маусым
8092 просмотров

 Өңірде жергілікті қамту үлесін арттыру және отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша белсенді жұмыс атқарылып келеді. Осы тақырып жобалаушы ұйымдар мен жергілікті тауар өндірушілер қатысуымен өткен кезекті дөңгелек үстел барысында талқыланды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында қызу талқы болды. Мұнда қарағандылық тауар өндірушілер үшін маңызды да өзекті – жобалық-сметалық құжаттамаға қосу үшін отандық тауар өндірушілердің материалдары мен жабдықтары туралы ұсыныс беру бойынша мәселені көтерді.

 «Жергілікті қамту үлесін арттыру және отандық тауар өндірушілерді қолдау өте өзекті. Біз Заң шеңберінде жергілікті қамту үлесі жобалық-сметалық құжаттама бойынша лайық орнын алуда барлық мүмкіндіктерді қолға алуымыз керек. Осы бағытта ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы бағыт пен қолдау беріп отыр. Өйткені онда мемлекеттiк және мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде мемлекеттiк инвестициялар есебiнен қаржыландырылатын нысандарды жобалау жөнiндегi тапсырмада мiндеттi талап – халықаралық мiндеттемелердi ескере отырып, қазақстандық өндiрiстiң құрылыс материалдарын, жабдықтарын, өнiмдерiн және конструкцияларын пайдалану деп айтылған», – деді Қостанай облысы ӨКП Өңірлік кеңесі жанындағы құрылыс комитетінің төрағасы Төлеген Әшімов.

 Алайда жергілікті өндірушілер отандық құрылыс материалдарын толық пайдаланбау бойынша жағдайлар көп екенін алға тартты.

 Осындай жағдайға «Бёмер Арматура» ЖШС, «Водоканалстрой» ЖШС, «Сантехпром» ЖШС тап болған.

«Жобалық-сметалық құжаттаманы құрғанда жергілікті өнім ескерілмейді. Тіпті дауыс беру кезінде  отандық өнімді арзанырақ, бірақ техникалық сипаттамаларға сай келмейтін импортқа алмастырады екен», – деп мәлімдеді жоғарыда аталған зауыт өкілдері.

Осыған байланысты «Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі» ММ жетекшісінің орынбасары Рашид Түлебаевтың өз пікірі бар.

«Тапсырыс беруші жобалық-сметалық құжаттамаға өнім маркалары, моделдер, лейблдарды белгілей алмайды», – деді мемлекеттік орган қызметкері.  

  Мұндай жауап жергілікті өндірушілердің наразылығын тудырды. Өйткені тапсырыс беруші – әкімдіктерде құрылыс нысандарын салғанда отандық өнімді қолдану үшін барлық заңды әрі дәйекті механизмдері бар. Дәл осы өнім жобалық-сметалық құжаттамада пайда болуы үшін түрлі механизмдер бар, тіпті болашақта осы жобалардың іске асырылуын, соның ішінде отандық тауарларды пайдалануын бақылайтын да тетіктер бар.

 Барлық оң және қарсы пікірлер тыңдалған соң жиын қатысушылар бірқатар ұсыныстар жасады. Атап айтқанда отандық тауар өндірушілерін қолдау бойынша әкімдікпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою; Жобалау кезеңіне Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен облыстың құрылысшылар қауымдастығы өкілдерінің қатысуы (толық бақылау үшін); Қазақстандық құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтымен бірге жергілікті өнімдердің әдістемелік жинағын қалыптастыру бойынша ұсыныстар айтылды.

 Кездесуді қортындылай келе Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов жиында көтерілген ұсыныстар мен ескертпелер қарастырылып, комиссия қарауына жіберілетінін айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер