«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнес-мектеп» құрылымына қалай қатысуға болады?

2018 жылғы 08 Маусым
- Қызылорда облысы
4437 просмотров

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының «Бизнес-мектеп» құрылымына қалай қатысуға болады? Оқу ақылы ма? Кімдер оқытады? Кәсіппен айналысқысы келетін көптің көкейінде жүрген сауалға Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Асылжан Жолдасбеков жауап берді.

2 күндік қысқа мерзімді «Бизнес-кеңесші» оқу курсы Қазақстан Республикасындағы барлық мемлекеттік бағдарламаларға, яғни несиелендіруге қатысу үшін қойылатын міндетті талап болып табылады. «Бизнес-кеңесші» оқу курсында кәсіпкерлерге кәсіпкерліктің бастапқы ұғымдары, «Кәсіпкерлік дегеніміз не», «Кәсіпкер дегеніміз кім», «Маркетинг», «Бизнес-жоспар», «Қаржылық жоспарлар», «Персоналды басқару» тақырыптары бойынша дәріс беріледі. Дәрістер тренинг түрінде өткізіледі. Әр тоқсан басында «Бизнес-кеңесші» оқу курсының тоқсанға арналған кестесі дайындалып, бекітіледі және облыстық ресми БАҚ құралдарында жарияланады.

«Бизнес-мектеп» аясында өткізілетін курстардың бірі 5 күндік қысқа мерзімді «Бинес-өсу» оқу курсы болып табылады. Әр жылдың соңында кәсіпкерлік субъектілері арасында қызықтыратын тақырыптарды анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Осы сауалнама нәтижелері арқылы алдағы жылы  «Бизнес-өсу» оқу курсының әлеуетті тақырыптары анықталады. 5 күн мерзімде осы тақырыптар бойынша дәрістер ұйымдасытырылады. Бұл курстың міндетті шарты - курсқа қатысушы міндетті түрде орта және шағын кәсіпкерлік субъектісі болуы тиіс.

Тәлімгерлерді тарту арқылы  «Жобалық оқыту» курсы. Бұл курс кәсіпкерлік субъектілеріне кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір бағыты бойынша 2 ай мерзімде дәріс беруді көздейді. «Жобалық оқытудың» ерекшелігі кәсіпкерлік қызметтің жыл басында таңдалған тақырыптары бойынша сол салада 3 жылдан астам еңбек өтілі бар жоғары білімді облысымыздың беделді кәсіпкерлерін тәлімгер ретінде тартады.

Бұл тәлімгерлер тыңдаушыларға кәсіптің теориялық бөлігін ғана емес, сонымен қоса өзінің кәсіпкерлік нысанын мысалға келтіре отырып, кәсіптің ішкі «асханасын» да практикалық тұрғыда көрсетеді. Барлық оқу курстары ақысыз, тегін жүзеге асырылады. Оқу курстарын жүргізу барысында тыңдаушыларға таратпа материалдар беріледі. Курс аяқталған соң сертификаттар табысталады.

2017 жылы  «Бизнес-кеңесші» оқу курсы бойынша бекітілген жоспар бойынша 800 адам оқытылу керек болса, 1555 оқып, сертификат алды. Яғни жоспар  асыра орындалды.  «Бизнес-өсу» компоненті бойынша 127, «Жобалық оқыту»  85 адам оқытылды.

2018 жылы қаңтар-мамыр аралығынада 525 адам «Бизнес-Кеңесші» оқу курсына оқытылды. Бұдан бөлек «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттарға қатысу үшін 758 адам оқытылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер