«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан Дүниежүзілік Банктің бас кеңсесінде бизнес-ахуалды жақсарту бойынша реформаларды таныстырды

2018 жылғы 03 Мамыр
7154 просмотров

Жаңа бастамалар аясында «Doing Business» рейтингінің 9 индикаторы бойынша өзгерістер қарастырылды

Дүниежүзілік Банктің жылда өткізетін көктемгі кездесу аясында 2018 жылдың 23-27 сәуір аралығында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин басшылығымен «Doing Business» рейтингінің мәселесі бойынша қазақстандық жұмыс тобы Вашингтонда болды. Жұмыс тобының құрамына Ұлттық экономика, Инвестиция және даму, Қаржы, Энергетика министріктерінің, Ұлттық банктің өкілдері және квазимемлекеттік сектор кірді. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атынан ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Елдос Рамазанов қатысты.

2018 жылы Дүниежүзілік Банктің жылда өткізетін көктемгі кездесуінде Қазақстанда бизнес-ахуалды жақсарту және «Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасын талқылау тақырыбы басты назарда болды. Бұл арада қазақстандық делегация «Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселесі бойынша кейбір ҚР заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» ҚР заңында қарастырылған реформаларын таныстырды.

Жаңа бастамалар аясында «Doing Business» рейтингінің 9 индикаторы бойынша өзгерістер қарастырылып, 7 кодекс пен 20 заңда жалпы алғанда 148 өзгеріс ұсынылған. «Атамекен» енгізуге ұсынған өзгерістер бизнестің ойын ескере әзірленіп, бизнесті қолдауға бағытталғандығын айтты.

Мәселен, «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша экспорт үшін тауардың шығарылған жерін растау бойынша сертификат беру рәсімін жеңілдету үшін тексеру ретін анықтау арқылы жұмыс жүргізу  ұсынылды. Сонымен қатар, тауарлардың сәйкестігі бойынша сертификат беруді жеңілдету үшін сәйкестікті растау ережелерін бекіту функциясын Техникалық реттеу мен әдіснама комитетіне беру ұсынылуда. «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосу» индикаторы бойынша жолдың жүретін бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізуден алдын жол полициясы органдарын ескерту мерзімдері мен ретін анықтау, электрмен жабдықтау жүйесін қосу үшін мерзімдері ұлғаю жағдайын алдын алу мақсатымен жол және өзге де жұмыстарды бастау бойынша ескерту жұмыс жүргізушінің өзінен жіберілу қажет деп анықталу қажет.

«Төлеуге қабілетсіздігіне рұқсат» индикаторы бойынша қаржыландырудың қосымша көздерін табу мақсатымен банкротка ұшырау және қайта оңалту рәсімдері бойынша қаржылай лизинг және факторинг құралдарын қолдану ұсынылды. Жұмыс барысын ашық жүргізу мақсатымен кредит берушілерді сайлау уақытында кредит берушілердің құқығын қорғау мақсатымен қайта оңалту жоспары бекітілген соң кредит берушілерді бөліп сайлау тәртібі енгізіледі.

«Жекеменшікті тіркеу» индикаторы бойынша жекеменшік құқығын тіркеуге мемлекеттік кепілдік енгізу ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жоғарылату мақсатымен жер және құқықтық кадастрды біріктіру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекетік тіркеу және олармен келіссөздер жүргізу қызметін беру ұсынылды.

Заңда құрылыс жобаларын ведомствадан тыс кешенді сараптамадан өткізу аясында жобаларды экологиялық сараптауда «бір терезе» принципін жетілдіру, экспортта тауарлардың шыққан жерін растайтын сертификат беруді жеңілдету, жолдың жүретін бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізуден алдын жол полициясы органдарын ескерту мерзімдері мен ретін анықтау, банкротка ұшырау және қайта оңалту рәсімдері бойынша қаржылай лизинг және факторинг құралдарын қолдану, қайта оңалту жоспары бекітілген соң кредит берушілерді бөліп сайлау тәртібін енгізу қарастырылған. Кредиттік тәуекелдерге баға берудің сапасын жоғарылату мақсатымен кредитті төлей алу мүмкіндігін бағалау етек жаюда. Осы орайда қолданыстағы заңнамаға кредиттік бюро және басқалары турасында кредиттік скоринг ережесі енгізіледі.

Қорытындылай, қазақстандық делегецияның ойынша жұмыс тобының сапары ұйымдастырылған маңызды іс-шаралардың бірі және нәтижесінде бизнес-ахуалды жақсартуға, бәсекелестік қабілеттерді арттыруға және елдің инвестициялық тартымдылығын жоғарылатуға серпін беретіндігіне сенеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер