«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы – бизнес пен биліктің тиімді жұмысының үлгісі

2018 жылғы 19 Сәуір
10174 просмотров

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы мен Алматы қаласының әкімдігі заңды саудаға жағдай жасауды және ең шалғай аудандарды қоса алғанда бизнеске «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсетуді жалғастыра бермек.

Бастамалар «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің, мемлекеттік органдар және  мен бизнес қауымдастықтықтың қатысуымен өткен Алматы қаласы кәсіпкерлерінің жыл сайынғы конференциясы барысында айтылды.

Тимур Құлыбаевтың айтуынша, Алматы бизнес үшін «кәсіпкерлер қаласы» мәртебесіне ие шаһар. Бұған шағын және орта бизнеске жұмылған кәсіпорындар мен адамдар саны ғана емес, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар жасап жатқан жағдай да себеп.

 «Алматы – еліміздегі бизнестің тал бесігі, мұнда оның дамуына қолайлы жағдай жасалған. Осы ретте Бауыржан Қадырғалиұлы (Байбек –ред.) мен оның командасының еңбегі зор. Әкімдік кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударуда», – деді Тимур Құлыбаев.

 Өз кезегінде, Алматы әкімі бизнесті кеңейту және дамыту жолында қала  әкімдігі бүкіл жауапкершілікті сезінетінін алға тартты.

 «Мемлекеттің бизнес, экономика және ел дамуына қатысты кез келген маңызды шешімі «Атамекен» ҚР ҰКП қолдауынсыз іске қосылмайды. Қызу талқылаулар мен пікірі-талас туып жатады, дегенмен ортақ шешімге келуге тырысамыз, өйткені бұл бизнестің қарқынды дамуына әсер етеді», – деді Бауыржан Байбек.

 Қазіргі таңда бірнеше бағыт бойынша бірлескен жұмыс жүріп жатыр, атап айтқанда  Алматы көркін сақтай отырып, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау және қаланың жаңа шағын аудандарында сауда орындарын құру мақсатында көше саудасын реттеу бағытанда жұмыс атқарылып жатыр. Осы ретте «Атамекен» мұндай сауда нүктелердің жалға алу мерзімін 1 жылдан 5 жылға дейін ұзартып, оларды аукцион арқылы жалға беруді ұсынып отыр.

 Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектің айтуынша, осы мақсатта пилоттық аукцион өткізілген. Панфилов көшесінде орналасқан 5 сауда нысаны қала бюджетіне жылына 70 млн теңге көлемінде кіріс әкеледі деп күтілуде.

 Тағы бір ортақ бастама – «OpenAlmaty»-ға жақын орналасқан  толық форматты Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын құру. Онда бизнеске «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік компаниялардан рұқсат құжаттарды қоса алғанда барлық мемлекеттік қызметтер мен кеңес көрсетілмек. Бүгінде мұндай Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары Ақтау, Қызылорда мен Талдықорған қалаларында тиімді жұмыс істеуде.

  «Орталықтан бастап, әр ауданда да кәсіпкерлер үшін ыңғайлы сервис құру керек. Онда кеңес беру ғана емес, сондай-ақ монополист компаниялар ұсынатын қызмет түрлері мен жер учаскілерін бөлуге қатысты қызметтер қамтылмақ. Бұл кәсіпкер қалаға барып, жолға шығынданбай, қызмет түрлерін тұрғылықты жерден алуы үшін қажет», – деді Тимур Құлыбаев.   

Конференция барысында Алматы бизнесінің басқа да мәселелері талқыланды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай индустриялық аймақ инфрақұрылымы дамуына қосымша 6,2 млрд теңге бөлуге ықпалдасу қажеттілігін мәлімдеді. Аталған мәселе Үкімет деңгейінде көтерілмек.

«Келет» компаниясының вице-президенті Александр Папп кәсібін адал атқаратын отандық компаниялар өзге өңірлердің нарығына өнімдерін шығара алмай отырғандықтан, мемлекеттік сатып алулар мен демпинг жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныс айтты. Ұлттық палата бұл мәселені шешуге ұлттық компаниялардың үлгісіндегідей біліктілігі бойынша алдын ала іріктеу процедурасы ықпал етеді деп болжайды. «Атамекен» тиісті ұсыныстарды Үкіметке жеткізіп те қойды.

«Ұлттық палата мемлекеттік сатып алулар тәжірибесіне үнемі талдау жүргізеді. Біздің ұсынысымыз – жобаны дайындау кезінде-ақ жергілікті өндірушіге қарай қалыптастыру керек. Демпинг, расында да, фирма әдейі бағаны төмендетіп, одан кейін жол ортада жобаны тоқтатқанда өзекті мәселеге айналып отыр. Не салық төлемейді, не арзан жұмыс күшін пайдаланады. «Атамекен» сатып алуларда кәсібін адал атқаратын кәсіпкерлердің ғана қатысуын қамтамасыз ету керек деген ұсынысын Үкіметке енгізді. Оған қоса, бүгінде импортты алмастыру мәселесіне басты назар аударылу керек. Мемлекет басшысының, Үкіметтің тиісті тапсырмалары бар. Мысалы, біз жыл сайын 250 млн доллар сүт сатып аламыз. Бұл қантқа да, құрылыс материалдарына да қатысты. Алматы осының бәрін жергілікті жерде өндіре алады, оған әлеуеті жетеді», – деді Тимур Құлыбаев.

Машина жасаушылар комитетінің мүшесі Павел Беклемишев дамыту институттары арқылы қаржы тарта отырып таяу 5 жылға арнап машина жасау саласының бәсекелік қабілетін арттыру бағдарламасын дайындаудыңмаңыздылығын атап өтті. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша бұл үшін Инвестициялар және министрлігінің деңгейінде Қазақстан индустрияны дамыту институты қатыстырылған жұмыс тобы құрылды. Бұл ұсыныс жақын арада шешілуі керек.

Конференция барысында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға «Атамекен» тарапынан қолдау көрсету және оған жағдай жасау, сондай-ақ бұл процесске ауылдағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды, әсіресе қыз-келіншектерді тарту мәселелері де көтерілді.

«Алматы қаласы мен облысы үшін бұл мәселе маңызды, Мұнда шағын үлес өте көп және кооперация мәселесі аса маңызды. Бұл жұмыспен қамтуға ғана емес, сапалы өнім өндірісіне. Оның нарыққа кедергісіз шығуына, бағаның тым қымбаттатпай, көтерме-бөлшек сауда орталықтары арқылы делдалдарсыз жеткізілуіне мүмкіндік береді. Әрине, кәсіпкерлерге бұл бағытта ары қарай да қодау көрсетеміз», – деді «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы. 

Қорытындылай келе Тимур Құлыбаев «Атамекен» және жергілікті атқарушы органдардың тиімді ынтымақтастығы жалғаса беретініне үміт білдірді.

«Бүгін кәсіпкерлер белгілеген міндеттер әкімдік тарапынан қолдау тауып, орындалады деп үміттенеміз. Ал біз бизнес-қоғамдастық ретінде әсем қала мен кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа бағыттарды іздейтін боламыз», – деп түйіндеді ҰКП басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер