«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тауар белгісін қалай тіркеу керек?

2018 жылғы 29 Қаңтар
22884 просмотров

Тауар белгісі бойынша тексеру және іздеу

Таура белгісін тіркеу ықтималдығын бағалау және басым құқықтарды анықтау мақсатында біз тауар белгісіне өтінім берер алдында алдын ала тексеру жүргізіп, бірдейлік пен ұқсастықты іздеуге кеңес береміз.

Іздеу белгіні тіркеу жоспарланған тауарлар мен қызметтерге қатысты жүргізіледі. Іздеу нәтижесі бойынша өтінім бергенге дейін тауар белгісін сәтті тіркеу үшін алдында шығарылған нұсқамен ұқсастық анықталған жағдайда стратегия дайындауға болады.

Іздеу нәтижесі тіркелген тауар белгілерін, тауар белгілерінің Қазақстанда қорғалатын халықаралық тіркеуін, сондай-ақ тауар белгісін тіркеуге белгіленген өтінімдерді қамтиды.

Тауар белгісін тіркеу

Тауар белгісі (тауар маркасы, логотип, ұрансөз, бренд) – жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (қызметтерін) басқа бір жеке немесе заңды тұлғалардың бірдей тауарларынан (қызметтерінен) ажырату үшін қызмет атқаратын белгі.

Тауар белгісі оның мемлекеттік тіркелу күшінде немесе Мадрид Келісімі және оның Хаттамасы аясында тіркелусіз қорғалады.

Тауар білгісін тіркеу – өз тауарын/қызметін жосықсыз бәсекеден қорғаудың алғашқы қадамы. Әдетте, тауар белгісінің иесі белгіні жасау үшін ақша құяды, нарықта таныту үшін және өз өнімінің танымал да сәтті брендке айналуына іске қаржы жұмсайды.

Тауар белгісі дұрыс тіркелмесе, ол қорғалмайды. Тек тіркелген тауар белгісінің иесі оның қолданылуына айрықша құқыққа ие және оның рұқсатынсыз тауар белгісін қолдануға тыйым салынады.

Тауар белгісінің тіркелуін жүзеге асырып, тауар белгісін иесін келесідей айрықша құқыққа ие:

  • Өз тауар белгісін үшінші тұлғалардың пайдалануына тыйым салуға;
  • Өз тауар белгісін келісімшарттық негізде үшінші тұлғалардың пайдалануына құқық беруге;
  • Тауар белгісіне құқықты үшінші тұлғаға сатуға (құқығын беруге) немесе кепілдікке беруге және т.б. құқылы.

Тауар белгісі тіркелуінің жарамдылық мерзімі 10 жыл және оны әр он жыл сайын ұзартуға болады. Тіркеу әрекеті үшінші тұлға тіркелуіне наразылық білдіргенде, тауар белгісінің иегер компаниясы таратылғанда және ҚР заңнамасында қарастырылған басқа да жағдайларда уақытынан бұрын тоқтатылуы мүмкін.

Жалпыға танымал тауар белгілері

Қазақстанда тауар белгісін қорғаудың тағы бір тәсілі – оның баршаға кең танымалдығы.

Қазақстанда жалпыға мәлім тауар белгісі деп ұзақ уақыт кеңінен қолданудың нәтижесінде тиісті тауарды тұтынушылардың арасында кең танымалдылыққа ие тауар белгісі саналуы мүмкін.

Қазақстанда тауар белгісін жалпыға мәлім деп танудың артықшылықтары:

  • Қорғауды күшейтеді
    • Қандай тауар және/немесе қызметке қатысты жалпыға мәлім деп танылғанына қарамастан, барлық және кез келген тауарлар мен қызметтерге қатысты қорғалады;
    • Ұқсас немесе бірдей тауар белгісінің тіркелген күнінен бастап 7 жыл ішінде кез келген тауарлар мен қызметтерге қатысты тіркелуіне жол бермеу немесе  күшін жою мүмкіндігі бар.
  • Құнын арттыру
    • Тоқтатылған кезде балансқа кәсіпорынның материалдық емес активтері мен амортизациялық аударымдарын бағалауда есепке алынады;
  • Алдын ала тіркеу талап етілмейді
    • Тауар белгісінің жалпыға мәлім болмайынша тауар белгісі ретінде алдын ала тіркеу талап етілмейді.

Қазақстанда тауар белгісін жалпыға танымал ретінде қабылдау үшін уәкілетті органға (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі) өтінім беру керек. Өтінімге міндетті түрде Қазақстанның кемінде жеті қаласын қамтыған тұтынушыларға жүргізілген сауалнаманың нәтижесі қосымша беріледі.

Қазақстанда тауар белгісінің жалпыға мәлімдігін анықтаған кезде тауар белгісінің тиісті секторда танымалдылық немесе қабылдау деңгейі, ұзақтығы, интенсивтілік және тауар белгісін қолданатын өңір, сондай-ақ басқа да факторлар назарға алынады.

Тауар белгісін жалпыға танымалдылығы бойынша өтінім Тауар белгісін жалпыға танымал жөніндегі комиссия қарайды, қарағаннан кейін тауар белгісінің жалпыға танымалдылығын тану немесе бас тарту шешімі шығарылады. Одан кейін тауар белгісі Республикалық жалпыға танымал реестріне енгізіледі және тауарды жалпыға танымал деп танылған күннен бастап он жыл ішінде жарамды.

Жалпыға мәлім тауар белгісінің жарамдылық мерзімін ұзарту тәртібі тауарды жалпыға мәлім деп тану негізінде жүргізіледі.

Қазіргі таңда Қазақстанда 33 тауар белгісі жалпыға мәлім деп танылған, олардың қатарында «Coca-Cola», «Fanta», «Sprite», «Toyota», «Halyk» және тағы басқалары бар бар.


Рубрика «Право интеллектуальной собственности» призвана ответить на эти вопросы, разъяснить что в казахстанском имуществе защищается в качестве объектов интеллектуальной собственности. Рубрика создана Национальной палатой предпринимателей РК «Атамекен» совместно с компанией ТОО «Болотов и Партнёры»

Еншілес ұйымдар

Серіктестер