«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық сот меморандумға қол қойды

2017 жылғы 22 Қараша
- Қызылорда облысы
2018 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов пен  Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев заң үстемдігі, әділдік пен ашықтықты сақтау қағидаларына негізделген кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы ыңтымақтастық аясында жұмыс жасау мақсатында Меморандумға қол қойды.

 

Меморандум аясында қос тарап

- бірлескен консультациялар, талдау жүргізу, нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларына және кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қолданыстағы заңнамаға ұсыныстарды әзірлеуді;

- кәсіпкерлер қызметіне қатысты құқық қолдану практикасын зерделеу мен түсіндіру мақсатында өзара келісу бойынша кездесулер, консультациялар, мәжілістер, ғылыми-практикалық конференциялар (бейнеконференцбайланыс) мен семинарлар жүргізу. Қажет болған жағдайда Тараптар кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қозғайтын заңнаманы бұдан әрі жетілдіру шеңберінде өзекті мәселелер бойынша бірыңғай көзқарас тұжырымдау үшін жұмыс топтарын құруды көздеп отыр.

Есепті кезеңде Палатаға заңгерлік көмек сұраған кәсіпкерлерден 300  өтініш түсті. Оның ішінде 174-і нақты құқығын қорғауды сұраған өтініштер. Оның бүгінде 94-і оң шешілді.

Атап өткен жөн, Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері осы жылдың 10 айында кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша 56 сот процесіне қатысып, оның 85 пайызында іс кәсіпкерлердің пайдасына шешілген. Нәтижесінде бизнес өкілдерінің 300 млн.теңгеден астам қаржысы сақталып қалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер