«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада 507 азамат қайта даярлау курстарынан өтуде

2017 жылғы 16 Қараша
- Қызылорда облысы
6528 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021жылдарға» арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді оқыту шарасын жалғастыруда

Бұл ретте Палата шараны үйлестіруші рөлінде.Қысқамерзімді курстар «Атамекен» ҰКП оқу орталықтары Реестріне енген оқу орталықтары мен кәсіпорындар жанында ашылған оқу орталықтарында ұйымдастырылуда.

Атап айтқанда, бүгінгі таңда «Бест», «РАИМ», «Қарлығаш» Шеберлер орталығы» ЖШС-рі мен жеке кәсіпкер «Тоқбердиев», «Қуанбаева», «Хабиби салоны» жанындағы оқу орталықтарында 507 жұмыссыз азамат білім алуда. 155 азамат оқуларын аяқтап, мамандық иесі атанды.

Бүгін жеке кәсіпкер Қуанбаева Гүлжанның оқу орталығы туралы айтпақпыз.

Гүлжан мектеп қабырғасынан бастап, тігіншілік өнерді жанына серік еткен жан. Ол жастайынан өзіне ұнаған киімдерді өзі пішіп, өзі тіккен. Онжылдықты аяқтан соң, қалаған мамандығы  бойынша білім алып, сүйікті кәсібімен айналысады.  Тігіншілікпен айналысқанына 25 жылдан астам уақыт болған Гүлжан бүгінде белгілі ісмер.  Өзінің жеке тігін шеберханасы бар. Екі адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіп иесі қазір жастарға өз білгенін үйретуден еш жалықпайды. Одан бөлек, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 20 адамды қайта даярлау курстарында оқытып, тігіншілікке баулыды.

«Бізде қыздар тігінші мамандығын оқыды. Бұл бағдарлама жұмыссыздықты жоюда ерекше рөл атқаратын жақсы бағдарлама. Бағдарлама өз кәсібін бастаймын деген азаматтарға да септігін тигізіп жатқандығын көріп отырмыз. Біздің орталықтан білім алған қыздар да болашақта жеке кәсібін ашып, өзіне де қоғамға да пайдасын тигізеді деген сенімдемін», - дейді Гүлжан Қуанбаева.

Тігінші – еңбек нарығында  ерекше танымал,  халыққа қызмет көрсету саласында  шығармашыл мамандық. Бүгінде бұл мамандыққа сұраныс та жоғары. Ақшанова Жанардың алғашқы мамандығы – экономист. Бірақ мамандығы бойынша жұмыс таба алмай, біраз уақыт жұмыссыз жүрді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы»   аясында  қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылып жатқанын естіген ол, тағы да өз білімін жетілдіруді, жаңа мамандықты игеруді жөн санайды.

«Жұмыспен қамту орталығына келгенімде осы бағдарлама туралы естіп-білдім. Бағдарлама аясында екінші мамандық алумен қатар оқу барысында шәкіртақы да төленеді екен. Бағдарлама жұмыссыз жүрген азаматтардың өз кәсібін ашуына немесе жұмыс табуына мүмкіндік беруімен де құнды. Бізге мұндай жағдай жасаған Кәсіпкерлер палатасына, жұмыспен қамту орталығына және кәсіпкер Гүлжан ханымға айтар алғысым шексіз», - дейді Жанар Ақшанова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер