«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Нақты көрсеткіштер көз қуантады

2017 жылғы 31 Қазан
- Қызылорда облысы
1632 просмотров

Қазалылық кәсіпкерлер есепті кездесуде өз өнімдерінен көрме көрсетті

Кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалының аудан тұрғындары алдындағы есебі өзге аудандарға қарағанда ерекше басталды. Есепті кездесу басталмас бұрын Палата сүйемелдеуімен бизнесін ашқан қазалылықтар кәсібін таныстырып, халыққа өнімдерін көрсетті.

«Биыл 222 қазалылық «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыған болса, 135 азамат «Бизнес-кеңесші» курсы аясында біліктіліктерін жетілдірді. Солардың ішінде аталмыш оқу курсынан өткен азаматтардың жалпы құны 306,4 млн.теңгені құрайтын 59 жобасы қаржыландырылды. Алдарыңызда қаржысын алып, кәсібін бастап кеткен азаматтардың өнімдері», - деді көрмені таныстырған Филиал директоры Ермек Аймаханов.

  Есепті кездесуде Палатаның Қазалы аудандық филиал директоры Ермек Аймаханов Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіруде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқандығын жеткізіп, филиалмен атқарылған жұмыстардың нәтижесімен бөлісті.

Ағымдағы жылы филиал директоры мен кеңесшілері аудан кәсіпкерлерімен кәсіпкер болуға ниетті 1095 тұрғынға 3285 мемлекеттік бағдарламалар аясында кеңес берген. Кеңес алушылардың басым көпшілігі жұмыссыз азаматтар.

Кеңес беруде мемлекеттік бағдарламаларды насихаттап, түсіндіру, кәсіпкерлерді құқықтық қолдау, несиені алу, мақсатты жұмсау және несиені қайтару мәселесіне басымдық берілген.

Сонымен қатар, филиал тарапынан аудан кәсіпкерлеріне бухгалтерлік және салық есебін жүргізу, статистикалық есеп құру, маркетингтік талдау жүргізу, заң қызметін көрсету бойынша 147 сервистік қызмет көрсетілген.

Мұнан өзге, филиал мамандарымен жыл ішінде жалпы құны   2 млрд.742 млн. теңгені құрайтын 44 жоба бойынша бизнес жоспар әзірленіпті.

Аудандық филиалдың сүйемелдеуімен «Бастау Бизнес», «Бизнес кеңесші» оқу курсынан өткен 59 азаматтың жобасы қаржыландырылып, жаңадан 75 жұмыс орны ашылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер