«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер палатасы: Жаңақорғанда қаржыландырылған жобалардың нәтижесінде 172 жаңа жұмыс орны ашылды

2017 жылғы 03 Қазан
- Қызылорда облысы
3873 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының директоры Марлен Нұртазаев кәсіпкерлер алдындағы есепті кездесуде айтты

Филиал директорының айтуынша, аудандағы Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы кеңесшілерімен осы жылдың 9 айында 736 адамға мемлекеттік бағдарламар бойынша 1293 әр-түрлі кеңестер беріліп, кәсіпкерлерге 193 бизнес-жоспар жасалған және 148 сервистік қызмет көрсетілген. Бұл қызметтердің барлығы тегін.

Мұнан өзге, жыл ішінде Кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының сүйемелдеуімен ауданда жалпы құны 440,3 млн.теңгені құрайтын 134 жоба қаржыландырылып, жаңадан 172 жаңа жұмыс орны ашылған.

Атап айтқанда:

- «Қызылорда» Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы 178 млн. 500 мың теңгені құрайтын 47 жоба қаржыландырылып, 60 адам жұмыспен қамтылды;

- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 172 млн. 100 мың теңгені құрайтын 78 жоба қаржыландырылып, 84 адам жұмыспен қамтылды;

- «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 43 млн теңгені құрайтын 6 жоба қаржыландырылып, 14 адам жұмыспен қамтылды;

- «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы 46 млн. 700 мың теңгені құрайтын 4 жоба қаржыландырылып, 14 адам жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ, аудан көлемінде жеке секторда өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуді қамтамасыз ететін 48 ауылшаруашылығы өндірістік  кооперативі құрылып, филиалдың көмегімен 6-ның қаржыландырылуына сүйемелдеу жасалған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер