«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер палатасы: Шиелі ауданында 184 жоба қаржыландырылды

2017 жылғы 29 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
6562 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиал директоры Рысбай Нысанханов бизнес өкілдері алдындағы есепті кездесуде айтты

Мемлекеттік бағдарламалар аясында Кәсіпкерлер палатасының Шиелі аудандық филиалында «Бизнес кеңесші» жобасы аясында оқып, біліктілігін жетілдірген 184 азаматтың жалпы құны 650 млн 820 мың теңгені құрайтын жобалары қаржыландырылды.

Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы аясында қайтарымсыз инновациялық грант беру бойынша «Өңірлік үйлестіру кеңесінің» қарауына 7 жоба ұсынылып, нәтижесінде жалпы құны 1 млн. 229мың теңгені құрайтын 2 жоба грант ұтып алды. Олар: 

1. Дара кәсіпкер Қалжанова Мая Қарабатырқызы «Қол өнер бұйымдары үйірмесін ашу» жобасы  540 мың тенге (Жуантөбе ауылы),

2. Дара кәсіпкер Қалжан Айбибіхан Камалқызы «Ұлтық аспаптар жасау» жобасы 689 мың тенге (Бестам ауылы).

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында барлығы жыл басынан 64 азаматқа 251 млн. 500 теңге шағын несие берілді.

Нақтырақ айтқанда, жыл басынан бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлікпен айналысуға 355 азамат шағын несие алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, аудандық комиссияда қаралып, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты бар жұмыссыз және өзін-өзі нәтижесіз қамтыған 150 азамат қаржыландыру үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жолданды. Бүгінгі күнге  42 бизнес-жоба мақұлданып, 41 азаматқа 144  млн. теңге шағын несие берілді.

Сонымен қатар, «Қызылорда» Өңірлік инвестиция орталығына бизнес жобалары мақұлданған 26 азаматқа жолдама беріліп, 23 азамат 107 млн. 100 мың тенге несие алды. Қалған 5 азаматтың 44 млн.600 мың теңгені құрайтын жобасының несие құжаттары қаралуда.

Кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалының көмегімен 2017 жылдың 9 айында 15 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды.

Оның ішінде, «Ырыс», «Береке» бағдарламалары аясында 50 ауыл концепциясы бойынша аудандағы  4 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің 118 мүшесі 398,6 млн. теңге қаржы алды.

Сонымен қатар, облыстан бөлінген 100 млн теңге «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы аясында қайтарымсыз инновациялық грант беру бойынша «Өңірлік үйлестіру кеңесінің» қарауына 27 жобаға сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер