«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Раушан Базарбай: «Қайырымдылық қанымызда бар»

2017 жылғы 25 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
3256 просмотров

Кәсіпкер, «Сана-Сезім Орталығы» ЖШС-нің директоры Раушан Базарбай Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қолға алған «Атамекенім» акциясын толық қолдайтындығын білдіріп, акция ұйымдастырушыларына алғыс айтты.

«Қайырымдылық жасау, біздің қанымызда атам заманынан бар нәрсе. Бабаларымыз көшпенді өмір сүргендеде жолаушы мейірмандарға өз шаңырағына кіргізіп асқа толы дастархан жайған. Мыңдаған жылдар мен ғасырлар өтсе де, заман өзгерсе де, жүрегіміздегі иманымыз бен адами қасиеттеріміз, қанымыздағы қайырымдылық қа деген ниетіміз  әлі жоғалған жоқ», –­ дейді кәсіпкер ханым.

Кәсіпкерің айтуынша, қазіргі таңда, қайырымдылық жасау кеңінен таралып келеді. Мейлі ол үлкен кәсіпкер болсын, мемлекеттік қызметкер болсын,  олимпада чемпиондары да өз табысының бір бөлігін садақа ретінде беруде, қайырымдылық жасауда ынталы. 

Іскер ханым алысқа бармай-ақ, ас беру, құдай тамақ, жеті шелпек, садақа беру деген іс-шаралар осы қайырымдылықтың нышаны болып табылатындығын тілге тиек етіп, пманатталып келген осы дәстүрлер біздің балдарымыздың бойында да, мейірімділік пен жанашырлық  деген қасиеттерді тәрбиелейтіндігіне назар аударды.

«Біздің компания қазір Қызылорда қаласында денсаулық сақтау саласындағы жаңа әлеуметтік нысанның құрылысын салу жобасын қолға алуда. Аталмыш нысан қызылордалықтардың денсаулығын нығайтуға айтарлықтай үлес қосады деп сенеміз», – деді Раушан Базарбай.

«Атамекенім» акциясын қолдаған кәсіпкер бүгінде жүзеге асырылып жатқан қайырымдылық шараларының бірнешеуін атады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік тапсырысы негізінде «Сана-Сезім Орталығы» клиникасынан ауыр сырқатты емделушілерге медбикелер күтім көрсетуде. Бүгінде 50 емделуші тегін ем алып жатыр.

Мұнан өзге, медицина колледжінің студенттері мен бітірушілерін тегін оқытып, өндірісік практикадан өткізәп отыр.

Сондай-ақ, жақында клиникада «Мама ­– емші» қайырымдылық жобасын жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында арнайы шақыртылған маман БЦС-мен ауыратын балалардың ата-аналарына массаж жасау арқылы науқас баланы сауықтыруға арналған жаңа емдеу әдісін тегін үйретті.  

«Сана-Сезім Орталығы» клиникасы «Ел-арай» Қоғамдық Қорымен Қызылорда қаласындағы 5 аз қамтылған отбасы балаларын емдеу мен сауықтыруға арналған меморандумға қол қойды.

«Кәсіпкерліктің ең басты қазынасы – адам, яғни өзіңмен бірге жұмыс жасайтын, идеяңды бірге жүзеге асыратын адамдар, әріптестерің. Қазір клиникамызда 25 адам жұмыс жасайды. Олардың 2-еуі жалғызбасты ана, 4-уі көпбалалы отбасыдан, 2 қызметкердің мүмкіндігі шектеулі, 7 адам зейнет жасында, 6 адам тәжірибесіз жұмысқа алынған жас маман. Зейнеткерлеріміз тәжірибелі, жастарға сала бойынша жан-жақты қолдау көрсетіп, маман ретінде қалыптасуына айтарлықтай үлес қосуда. Мен ең алдымен барлық қызметкерлерімізге сақтандыру келісім-шаттарын жасатқанмын. Бұл қадам мен үшін де, әріптестерім үшін де маңызды шара. Мұнан өзге, қызметкерлерім клиникадағы барлық қызмет түрлерін тегін ала алады», – деп хабарлады Раушан Базарбай. 

Кәсіпкер ханым әлеуметтік қызмет, қайырымдылық жасау – көмекті алушыға да, көмек көрсетушіге де қуаныш сыйлайтын шара екеніне назар аударып, қоғамды бірге ізгілендіруге шақырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер