«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Bastau Бизнес»: Қармақшыда кәсіпкер наубайхана ашты

2017 жылғы 19 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
4007 просмотров

Бүгінде қармақшылықтарды 12 наубайхана қажетті нанмен қамтамасыз етіп отыр. Олардың қатарына енді Ғайни Бекееваның да наубайханасы қосылды. Жеке кәсібі бар Ғайни  бұрыннан  наубайхана ашып, нанның түр-түрін пісіруді ойластырып жүрген. Ал, «Bastau Бизнес» жобасы оның бұл ойының жүзеге асырылуына көмектесті.

Аталмыш жоба туралы естісімен кәсіптік білімін жетілдірген кәсіп иесі, наубайхана ашу жолдарының қыр-сырын игеруге кіріседі. Ол оқыды, бизнес-жоспарын жасады, комиссия мүшелеріне ұсынды. Сарапшылар мақұлдаған соң «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қор» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы 6 пайызбен бес жылға 3 млн теңге несиеге қол жеткізді.

Алынған қаражатқа наубайханаға ең қажетті нан пісіретін пеш пен нан иелейтін құрал сатып алды. Шағын ғана наубайханада  Ғайни  ас атасының онға жуық  түрлерін -  бөлке, күлше, батон, таба нан сынды түрлері мен түрлі тоқаштар пісіреді.  

«Bastau Бизнес» жобасы бойынша бір ай оқып, 3 млн.теңге несие алдым. Нәтижесінде осындай шағын наубахана ашып, кәсіппен айналысып жатырмын. Өнімдерді дүкендерге, мектеп, мекемелерге өткіземін», – дейді жеке кәсіпкер Ғайни Бекеева.

Кәсіпкердің ендігі мақсаты үлкен наубайхана ашып, жергілікті халықты халықты жұмыспен қамту және аудан халқын сапалы өніммен қамтамасыз ету.

«Bastau Бизнес» жобасы бойынша оқыған азаматтардың жобасын облыста «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы мен «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы қаржыландыруда.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы биыл «Bastau Бизнес» жобасы аясында бүгінгі күнге дейін өңірде жалпы құны 192,4 млн.теңгені құрайтын 61 жобаны қаржыландырған. Бұл туралы Филиал директорының орынбасары Байәділ Сәдиев айтты.

«Несиенің 67 пайызы мал шаруашылығына бағытталған. Сондай-ақ, монша құрылысына, тігінге, бақша дақылдарын егуге несие алғандар да бар. Сұраныстың жоғары екендігін ескере келе Қор тарапынан жыл соңына дейін тағы да 415 млн.теңге қаржы бөлінуде. Қазір жалпы құны 98,5 млн теңгені құрайтын 34 жобаның құжаттары қаралу үстінде», – дейді Байәділ Сәдиев.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер