«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазалы филиалына хабарласушылар көп

2017 жылғы 11 Тамыз
- Қызылорда облысы
5179 просмотров

Қазалылық 830 кәсіпкерге 2320 кеңес берілді

Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Салават Құлмахан бизнесмендерге қызмет көрсету жайында хабарлады.

«Қазалының өзге аудандардан ерекшелігі бар. Бұл ауданда екі Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы жұмыс жасайды. Бірі шағын қала санаты бойынша енгізілген Қазалы қаласында, екіншісі ауданның орталығы Әйтеке би кентінде. Осы жылдың 7 айында жалпы Қазалы ауданы бойынша Палатаның аудандық филиалының Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы кеңесшілерімен 830 кәсіпкерге 2320 кеңес берілді. Әйтеке би кентіндегі Орталықпен 520 адамға 1280, Қазалы қаласындағы Орталық кеңесшілерімен 310 адамға 1050 кеңес. Бұл дегеніміз, Қазалы ауданы тұрғындары облыс бойынша кеңес алушылардың ішінде көш бастап тұр», – дейді Салават Құлмахан.

Мұнан өзге, «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша бүгінгі күнге дейін 100 қазалылық біліктілігін жетілдірсе, 110 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетілді. Қызмет алушылардың басым бөлігі (98) бухгалтерлік қызметке жүгінген.

Биылғы жылдан бастап облыста жүзеге асырылып жатқан «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 96 қазалылық азамат бір айлық курстан өтіп, оның 16-сының жобасы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы мен «Қызылорда» өңірлік орталығы арқылы қаржыландырылды.

Айта кету керек, биыл Қызылорда облысында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 937 азаматты оқыту жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге дейін 494 азамат оқытылып, олардың 302-сі жобаларын қорғады. Сондай-ақ, жобаларын қорғаған азаматтардың 114-інің бизнес-жоспары қаржыландырылуға оң шешімін алды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер