«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шиелі және Арал аудандары кәсіпкерлерінің белсенділігі жоғары

2017 жылғы 09 Тамыз
- Қызылорда облысы
2391 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасында 4566 кәсіпкерге қызмет көрсетілді

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы осы жылдың І жартыжылдығында 4566 кәсіпкерге қызмет көрсеткен. Бұл туралы Палатаның Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Салават Құлмахан айтты.

«Аудандар мен қаладағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету және Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарынан 3582 кәсіпкер 6615 кеңес алған. Ал 984 кәсіпкерлік субъектісіне 1044 сервистік қызмет көрсетілді. Кеңес алуда Шиелі және Арал аудандары кәсіпкерлерінің белсенділігі жоғары. 6 айда шиелілік 604 кәсіпкер кеңес алса, Аралда Палата кеңесшілері 511 кәсіпкерге 1441 кеңес берген», ­– дейді Салават Құлмахан.

Бүгінде кәсіпкерлер арасында сервистік қызмет алушылардың қатары да күн өткен сайын артып отыр.

«Бұл, әсіресе, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін өте тиімді компанент», – дейді Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы – «Енді кәсібін бастаған азаматтың есепші, заңгер және өзге де мамандар алуға қаржылай мүмкіндігі болмауы мүмкін. Бұл жерде біз – Кәсіпкерлер палатасы оларға көмекке келеміз. Палатада бухгалтерлік және салық есептілігін жүргізу, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасау, кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін сүйемелдеу, заң, маркетинг сұрақтары, кеден рәсімдері бойынша, ақпараттық технологиялар бойынша, мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын қолданушылардың сатып алулары бойынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы қызметтер тегін көрсетіледі».

2017 жылдың І жартыжылдығында Палата кеңесшілері 984 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетті. Аталған қызметтердің басым бөлігін Қызылорда қаласы (322) мен Шиелі ауданының (116) кәсіпкерлері алған. 

Облыста сондай-ақ «Бизнес-Кеңесші» оқу курсына қатысуға өтінім берушілердің саны басым. Мәселен, қазірдің өзінде аймақтың 1120 тұрғыны осы жоба бойынша біліктілігін жетілдірген. Негізі бойынша жыл соңына дейін 800 адамды оқыту жоспарланған. Дегенмен, курсқа қатысуға ниетті азаматтардан өтініштер әлі де түсіп жатыр.

Құрметті қызылордалықтар!

Егер жеке кәсіппен айналысқыларыңыз келіп, алайда неден бастарыңызды білмесеңіздер, мемлекеттік қолдау түрлері (жеңілдетілген несие, инновациялық гранттар алу) туралы ақпаратты іздеп жүрсеңіз, онда Кәсіпкерлер палатасына келіңіздер!

Біздің кеңесшілер Сіздерге кеңес беріп, бизнес-жоспарларыңызды әзірлеуге көмектесіп, жобаларыңызды сүйемелдейді. Бизнес-жаттықтырушылар кәсіпкерлік негіздерін оқытады.

Ең бастысы – бұл қызметтердің барлығы да тегін.

Байланыс телефоны: 8 /7242/ 40-09-81 /ішкі 4307, Жанат Матерзаева/. Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28. Call-орталық: 1432.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер