«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар өз кәсібін ашқысы келеді

2017 жылғы 01 Тамыз
- Қызылорда облысы
2377 просмотров

25 азаматқа сертификаттар табыс етілді

Қызылордадағы оңалту орталығында емделіп жатқан мүмкіндігі шектеулі азаматтар уақыттарын бос өткізбей, кәсіппен айналысудың қыр-сырын меңгергісі келеді. Аталмыш азаматтардың өтінішін ескере келе Кәсіпкерлер палатасы Орталықта «Бизнес-кеңесші» оқыту курсын өткізді.

«Екі күндік қысқа мерзімді курста кәсіпкерлік ұғымы жөнінде түсінік беріліп, бизнесті қалай бастауға болатындығы, бизнес-жоспар жасау ерекшеліктері туралы мәліметтер берілді. Қатысушылар курста өте белсенді болды. Сауалдардың басым бөлігі мемлекеттік бағдарламаларға қатысты. Әсіресе, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының екінші бағыты: инновациялық гранттарды алу жолдарына ерекше қызығушылық танытты», - дейді Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Мәдина Қасымжан.

Шара барысында курсқа қатысушыларға «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту – 2017-2021» бағдарламасы бойынша несие алушы үміткерлерге,  кепілге қойылатын мүліктерге қойылатын талаптар таныстырылды.

Курсқа қатысқан 25 азаматқа сертификаттар табыс етілді.

Айта кету керек, жыл басынан бері «Бизнес-кеңесші» оқыту курсы бойынша 1259 азамат кәсіпкерлік саласына қатысты біліктілігін жетілдірді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер