«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада «ҚазАгроКепіл» АҚ өкілдігі жұмыс істейді

2017 жылғы 12 Мамыр
- Қызылорда облысы
7649 просмотров

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамының мамандары кәсіпкерлермен және аймақтағы қаржы институттарының өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкерлік саласына берілетін шағын несиелерге кепілдік берудің барысы мен ережелері талқыланды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға қатысты 16 млн теңгеге дейін несие алуға болады деп көрсетілген болатын. осы ретте, Кәсіпкерлер палатасына келіп кеңес алушылардың басым бөлігі осы мәселені жиі көтеріп келеді. Мұнан өзге, аймақ тұрғындары тарапынан кәсіпкерлерге берілетін шағын несиеге кепілдік беру мәселесіне қатысты да сұрақтар жиі қойылып келеді.

Осы ретте, шара барысында «ҚазАгроКепіл» АҚ атқарушы директоры Ұлан Диянов кәсіпкерлерге кепілдік беру механизмін түсіндіріп өтті.

Оның айтуынша, «ҚазАгроКепіл» АҚ ­– коммерциялық емес ұйым. Биылғы жылдан бастап «ҚазАгроКепіл» АҚ 2017 жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында ауылдық жерлерде және шағын қалаларда микрокредиттеуге кепілдік беру бағдарламасын іске қосқан.

Қызылорда облысында да «ҚазАгроКепіл» АҚ-ның өкілдігі жұмыс істейді. Ресми өкілі – Шыңғыс Нысанов. Мекеменің мекен-жайы мен байланыс телефоны: Қызылорда қаласы, Әйтеке би 15, 8 777 250 90 18.

Осы ретте кепілдіктерді беру шарттары:

- «Аграрлық Кредиттік Корпорация» АҚ қорландыратын ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда кәсіпті ашуға, бар кәсіпті кеңейтуге, кооперативтерді құруға микроқаржылық ұйымдар арқылы шағын несиеге мақұлдама алу;

- шағын несиені алу үшін өтініш беру алдында есеп берудің соңғы күніне салықтарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналары мен бюджетке төленетін басқа төлемдердің жоқтығы, сондай-ақ қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешектің жоқтығы;

- бағдарлама аясында кепілдендірудің қатысушысы, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері бола алмайды.

Кепілдендірілген шағын несиенің негізгі шарттары:

- шағын несие берудегі жоғарғы сома – 8000 АЕК дейін;

- шағын несие беру мерзімі – 7 жылға дейін;

- жылдық пайыздық мөлшерлеме – 6%;

«ҚазАгроКепіл» АҚ бастаушы кәсіпкерлер үшін шағын несие сомасын 85 пайызға дейін, жұмыс жасайтын кәсіпкерлер үшін 50 пайызға дейін кепілдік бере алады.

Шара барысында аудандардан келген кәсіпкерлер «мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін  шағын несие аясында мынша жаңа жұмыс орнын ашасың, зейнет жасындағы азаматқа кәсіпкерлік мақсатта несие берілмейді», - деп талап қойып жатқандығын айтқан болатын. Шараға қатысушы мамандар мұның барлығы ережеге қайшы екендігін, мемлекеттік орган мұндай талап қоя алмайтындығын жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер