«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Іскерлік киім үлгісін таңдау да өнер

2017 жылғы 24 Сәуір
- Жетісу облысы
12693 просмотров

Бизнес ханымдар үшін іскерлік келбет талаптарына қатысты шеберлік сабағы өтті

Іскер әйел қалай киінуі керек? Әдемілік пен стильді байланыстырудың маңыздылығы қандай? Іскерлік бет-бейнені қалай қалыптастыруға болады? Бұл сұрақтардың жауабын әйелдерге арналған шеберлік сағатында танымал стилист, «Style Session» Қазақстан стилистері қоғамдастығының негізін салушы Мәди Бекдайыр айтып берді. «Koktem Grand» қонақ үй кешенінде өткен үш сағаттық сабақта «Нағыз стильге жетудің алты қадамы» атты стиль жөніндегі тұңғыш қазақстандық кітаптың авторы негізгі және сәнді киім-кешек негізінде іскерлік киім кию талаптарымен, сән әлеміндегі соңғы үрдістерімен таныстырды.

Шараға Іскер әйелдер қауымдастығы, Іскер әйелдер кеңесі, облыстық құрылымдар басшылары мен мәслихат депутаттары қатысты.

«Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарай шығарып салады» дегендей, бұл шеберлік сабағы барлығымыз үшін өте пайдалы, керек дүние. Сонымен бірге, Елбасы жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы азаматтық қоғамның өмір сүру стандарттары мен сапасын, рухани мәдениетін жоғарылату жөніндегі міндеттермен үндес», – деп атап өтті Алматы облысы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Римма Салықова.

Ал «Style Session» Қазақстан стилистері қоғамдастығының негізін салушы Мәди Бекдайырдың сөзінше, іскерлік бет-бейнені қалыптастыру үшін мол қаржы қажет емес.

«Әйел басшының заманауи имиджі сыртқы әлпет, мәнер мен ішкі қасиеттерден құралады. Сіздер сияқты әдемі әйелдерге қарап, бұл туралы білетіндеріңізге көзім жетіп отыр. Мен сіздерге қандай бейнелерде айрықша көркем атануға болатынын көрсетемін. Аталмыш іскерлік бейнелер үшін көп қаражат керек емес. Бастысы, барлық дүниені дұрыс үйлестіре білу», – деді сарапшы Мәди Бекдайыр.

«Алиса» сән салонының директоры Елена Теннің сән семинарлары тек сыртқы келбетті жақсартып қана қоймай, эстетикалық талғамды қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігін аға тартты.

«Әрбір әйел азаматының өзіндік ерекшелігі болуы тиіс. Алайда, біз мемлекеттік жұмыста еңбек ететінімізді, қызмет көрсететінімізді ұмытпауымыз керек. Қалай дегенде, біз мемлекет айнасы болған соң, қойылған талаптарға сай болуымыз міндет. Бүгінгі семинар гендерлік саясатты дамытуға қосқан үлес, себебі, біз қоғамдық өмірге көптеп қатысып келеміз», – деді Іле ауданы әділет бөлімінің басшысы Роза Қыстаубаева.

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Мәмилә Мұсабекова қазіргі таңда адам үшін имидждің маңызды екенін айтады.

«Қандай кездесу, не жиын өтпесін, қайда барсаңызда сіздің бет-әлпетіңізге қарайды. Алғашқы әсер көпке дейін сақталады. Осы себеті сыртқы келбетке назара аудармау үлкен қателік. Сәнгерлер беретін кеңестер мен ұсыныстарды әрқашан маңызды, оларды жеке ерекшеліктеріңізді еске отырып пайдалану керек», – деді Мәмила Мұсабекова.

Шеберлік сабағының соңына қарай іскерлік стиль бойынша тәжірибелік білімдер беріліп, Стилистер қоғамдастығы кішігірім сән көрсетілімін ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер