«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Юлия Якупбаева Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің басшылығына тағайындалды

2017 жылғы 21 Ақпан
9047 просмотров

Алматы қаласында Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, Қауымдастықтың жоғары өкілетті органы мүшелерінің жалпы жиналысы өтті. Жиында Қауымдастық Кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мүшелері ҚҚҚ Кеңесінің төрағасы Мағжан Әуезовтің Forte Bank Басқарма төрағасы болып тағайындалуына орай оның өкілеттігін тоқтатуға дауыс берді. Жиналған жұртшылық оған Қазақстан қаржылық секторының дамуына үлес қосқаны үшін және қаржылық сектор мен мемлекет арасындағы өзара құрылымдық байланысты қамтамасыз еткені үшін алғыс білдірді.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы мүшелерінің жалпы жиналысында «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева ҚҚҚ Кеңесі төрайымының міндетін атқарушы ретінде бірауыздан сайланды.

Юлия Якупбаева жоғары экономикалық білім алған, Қазақ мемлекеттік басқару академиясының «Қаржы және несие» мамандығын бітірген. 19 жыл еңбек өтілінде Юлия Якупбаева қарапайым маманнан жоғары сапты жетекшіге дейін көтерілген. Әр жылдары ҚР Ұлттық банкінде, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығында, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП еңбек еткен. Бірқатар компаниялардың бақылау және қоғамдық кеңестерінің мүшесі («ТДҰА» АҚ, ЭКСПО-2017, БЖЗҚ және т.б.). Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Басқарма мүшесі. Қоғамдық жұмыстарда белсенді. Мемлекеттік және қоғамдық марапаттардың иегері.

Юлия Якупбаева «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма мүшесі ретінде банк саласы, құнды қағаздар нарығы, сақтандыру, мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру және МЖС дамыту, кәсіпкерлерді қаржылай қолдау, тариф бекіту және бәсекелестік саласындағы мәселелеріге жетекшілік етеді.

Юлия Якупбаева ҚҚҚ Кеңесі төрайымы м.а. мансабын «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма мүшесі лауазымымен қатар алып жүруді жоспарлап отыр. Бұл тұтынушыға бағытталуды күшейтуге, Қазақстанның қаржы секторындағы өзекті мәселелер бойынша позицияны айқындауда және стратегиялық шешімдерді қабылдауда жеделділік пен тиімділікті арттыруға, сондай-ақ қаржы институттарының экономика секторының шынайы субъектілерімен өзара байланысын тереңдетуге септігін тигізері сөзсіз. 

Юлия Якупбаева Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының жиырма жылдық тарихында қауымдастық Кеңесін басқарған алғашқы әйел.

«ҚҚҚ мүшелеріне менің қауымдастық жетекшісі ретіндегі жұмысымды жоғары бағалағандары үшін және ҚҚҚ жаңа басшысы ретінде ұсынылған Юлия Якупбаеваның кандидатурасын қолдағандары үшін зор алғыс білдіремін. Юлия Константиновнаның тәжірибесі мол, еліміздің қаржылық орталарында танымал, қаржы нарығының алдында тұрған мәселелерді шешуге қажетті әлеуеті жоғары», – деді Forte Bank Басқарма төрағасы Мағжан Әуезов.

Сонымен қатар ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Қадыржан Дамитов: «Юлия Константиновнаны кәсіби маман болғаны үшін ғана емес, сондай-ақ Қаржыгерлер қауымдастығында да, Ұлттық кәсіпкерлер палатасында да тәжірибесі мол адам ретінде Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшысы болғанына қуаныштымын», – деп пікір білдірді. 

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығына 158 мекеме кіреді, оның ішінде бантер, сақтандыру компаниялары, құнды қағаз нарығының кәсіби қатысушылары, лизингтік компаниялар, микроқаржылық ұйымдар, аудиторлық және консалтингтік компаниялар және басқалары бар.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы «Атамекен» ҚР ҰКП-да, экономикалық министрліктер мен ведомстволарда аккредитациядан өткен, қаржы секторының мүддесін көрсетуге нығайтылған.

Анықтама:

Юлия Константиновна Якупбаева 1977 жылы Алматы қаласында туған.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген (Алматы, Қазақстан. 1998 ж.). 19 жылдан астам уақыта бойы Қазақстанның қаржы саласында еңбек еткен. Еңбек жолын ҚР Ұлттық банкі Қаржылық бақылау департаментінде жетекші маман ретінде (1998-2002) бастаған. Одан кейін қаржы мәселелерінің сарапшысы, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы Құнды қағаздар нарығы жөніндегі және зейнетақы секторы департаментінің директоры (2002-2007), Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының Басқарушы директоры (2007-2011), Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы Кеңесі Басқарма төрағасының орынбасары (2011-2012), «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП басқарма мүшесі–Басқарушы директор, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасының кеңесшісі (2013-2014) қызметтерін атқарып, қаржы секторы, салық салу, тариф бекіту және бәсекелестік мәселелеріне жетекшілік етті (2012-2013). 

Қазіргі кезде – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары (11.2014)

Сонымен қатар, бірқатар компаниялардың, атап айтқанда «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ директорлар Кеңесінде тәуелсіз мүше-директор лауазымын иеленді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Басқарма мүшесі (12.2016), БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің мүшесі (02.2017) болды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерейтойлық медалімен, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының «Еңбек сіңірген қаржыгер» қоғамдық орденімен,  «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП «Ісіне адалдығы үшін» ІІ дәрежелі медалімен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен (12.2016) марапатталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер