«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Парсылардың Сыр бойына сапары

2017 жылғы 03 Ақпан
- Қызылорда облысы
10106 просмотров

Қызылорда кәсіпкерлері Иран өкілдерімен В2В форматында кездесті

Иранның Мазандаран өңірінен келген делегаттар Қызылордаға жасаған арнайы сапарында бірнеше мақсатты жоспарлаған. Сыр еліне сапар барысында тауық өсіру, тауық етін шығару, балық аула және мал шаруашығы, жылыжай салу, қайта өңдеу салаларындағы алдыңғы қатарлы жобарлармен танысып, тәжірибе алмасу жүргізілді.

Кездесу барысында Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов қонақтарды Палата жұмысымен таныстырып, кәсіпкерлік саласында орын алған түйткілді мәселелерді талқылауға шақырды.

Сонымен қатар Мазандаран провинциясының Сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палатасының президенті Мохаджердараби Абдолла Ебрахим мен Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов екіжақты ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Басқосу қызылордалық кәсіпкерлер мен Иран Ислам Республикасы Мазандаран провинциясының  өкілдері арасында В2В форматында кездесумен жалғасты. Иран кәсіпкерлері құс фермаларын ашуға ниетті екендіктерін танытты, сондай-ақ өсімдік және мал шаруашылықтары да қызықтырғанын жасырмады.

Кездесу соңында екіжақты келісімнің негізінде іскерлік байланысты нығайту келісіліп, таяу арада Қызылорданың бизнес өкілдері Иранға жол жүретін болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер