«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Арал мен ауыл бірге өркендейді

2017 жылғы 26 Қаңтар
- Қызылорда облысы
11011 просмотров

Наурыз айында өңірде жергілікті тұрғындардың шағын және орта бизнес негіздері бойынша білімін арттыру мақсатында тренингтер өткізу жоспарланып отыр

Іс-шара биыл наурыз айында өтетін, Арал өңірін тұрақты дамытуға арналған «Арал-2017» халықаралық форумына орайластырылып өткізілмек.

Аралды құтқару қоры Қызылорда облысы әкімдігінің және облыстық Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Арал және Қазалы аудандарының жергілікті тұрғындарын оқытуды жоспарлап отыр. Олар тұрғындарға жобалық ұсыныстар жасаудың қыр-сырын үйретпек.

Қатысушылар өз жобаларын осы жылдың наурыз айында өтетін Арал өңірін тұрақты дамытуға арналған халықаралық форумда инвесторлар мен донорлар алдында қорғай алады.

Тренингтерге аталған аудандардағы ауылдық округтардың  тұрғындары шақырылады. Олар жобалық ұсыныстарын жасап, өз жобаларын қорғауға мүмкіндік алады. Жастар мен әйелдердің қатысуына жол ашық.

Қатысушылары саны: 10-15 адам.

Өтетін орны мен күні: 2017 жылдың 6-7 ақпаны аралығында Арал қаласында, 9-11 ақпан аралығында – Қазалы қаласында. Мекенжай қосымша хабарланады.

Байланысу үшін: Стамқұлова Қайни, Қазақстан Республикасындағы Аралды құтқару халықаралық қорының атқарушы комитеті +7(727)3943320, k.stamkulova@ifas.kz.

Матерзаева Жанат, Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы +7(724)2400874; zh.materzaeva@palata.kz.

Арал ауданындағы Палата филиалы: +7(72433)79199.

Қазалы  ауданындағы Палата филиалы: +7(72438)7924.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер