«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жергілікті кәсіпкерлер жанашырлығы

2016 жылғы 21 Қараша
- Қызылорда облысы
9380 просмотров

Қызылорда индустриалдық-техникалық колледжінде корпоративті басқару жобасы табысты түрде жүзеге асырылып жатыр

Білім беру мекемесінде барлық қажетті жағдайлар жасалған. Жобаның ерекшелігі де сол, онда мамандар даярлауға бизнес-қоғамдастықтар тартылып, кәсіптік-техникалық сала мамандарын даярлауға мемлекеттік тапсырыс берілген. Сондай-ақ, білім беру мекемелеріне техникалық және кәсіптік білім берудің дуальды жүйе қағидаттарын енгізу  көзделіп отыр. Қала кәсіпорындары дуальды жүйемен оқып жатқан студенттерді өндірістік тәжірибеден  өткізу мақсатында өз алаңдарын ұсынған.

Кәсіпкерлер палатасы Облыстық білім басқармасымен бірге жобаны пилоттық режимде жүзеге асырған. Бұл мақсатта, облыстың индустриалды-техникалық колледжі таңдалып, онда былтырдан бастап колледжді корпоративті басқаруды енгізу табысты түрде жүзеге асырылып келеді. Корпоративті басқару үшін Қызылорда индустриалды-техникалық колледжімен бірлесіп, сервис және қызмет саласы кәсіпкерлерінің қауымдастығы құрылған. Қауымдастық құрылтайшылары қатарында «Best Service LTD», «РАИМ», «K-Group LTD», «Фотон» ЖШС-лар бар.

Сонымен қатар, қауымдастық құрылтайшыларының бірі – Өңірлік кеңес төрағасы Асқар Махамбетов колледждің оқу ғимаратына толығымен жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, жобалық-сметалық құжаттарды даярлауды қаржыландырған. Оның сомасы 130 млн теңгені құрап отыр. Нәтижесінде, колледж ғимараты толығымен жөндеуден өткен. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер