«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Теңбіл доп жарысына шақырамыз!

2016 жылғы 13 Қазан
- Қызылорда облысы
12880 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастықты шағын футболдан «Атамекен» кубогына жарыста бақ сынауға шақырады. Қатысамын деушілерге есік ашық!

Қатысу үшін өтінішті 15 қазанға дейін жолдау керек.

Шара Кәсіпкерлер палатасы мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Атамекен» ҰКП 3 жылдығына орай ұйымдастырылуда.

Спорттық шара мақсаты бизнес-қауымдастық арасында спорттық қозғалыс пен дене шынықтыруды жаппай дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру болып отыр. 

Жарыс 2016 жылдың 22-23 қазан күндері Қызылорда қаласының №2 Олимпиалық резервтің балалар-жасөспірім спорт мектебі ғимаратында  сағат 9.00-де басталады.

Жарысқа қатысатын командаларды тіркеу мерзімі 15 қазанда аяқталады. Қатысуға ниет білдірген командаларға ұйымдастыру алқасына алдын ала хабарласуды сұраймыз.

Ұйымдастыру алқасының байланыс телефондары: Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері – Болат Шоңықов 8 701 222 58 62, Бауыржан Теміров – 87013554055, 8(7242) 23-02-54.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер