«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Прокурорлар жедел көмек көрсетеді

2016 жылғы 03 Қазан
- Қызылорда облысы
10276 просмотров

Кәсіпкерлердің мәселелері прокурорлардың қатысуымен жедел шешілетін болады

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында прокуратура органдарымен қарым-қатынас орнатудың тиімді жүйесін қалыптастырды.

Осылайша, бизнес мәселелерін уақытында шешу үшін осы жылдың 8 шілдесінен бастап Палатада және аудандық филиалдарда Прокурор кабинеті қызмет етеді. Ол жерде облыс прокуроры, оның орынбасарлары және аудан прокуроры кәсіпкерлерді қабылдайды. Қадағалау органының қызметкерлері шағын және орта бизнес өкілдеріне құқықтық көмек көрсетіп, кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласуға тоқтау салмақ.

Прокурор кабинеті жұмысын бастаған екі айдың ішінде жеке қабылдауда 43 кәсіпкер болған. Олардың барлығына құқықтық көмек көрсетілді. Нәтижесінде 10-нан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Облыс прокурорының жеке қабылдауында 5 кәсіпкер болды. Олар облыстық қадағалау органының басшысына өз мәселелері жөнінде баяндады. Мысалы, кәсіпкерлер монополияға қарсы органның қызметкерлерінің әрекеттеріне және қалалық полиция қызметкерлерінің немқұрайлылығына шағымданды.

Палатаның мәселелерді жедел шешу үшін қабылданған өтініштері бойынша прокуратура органдарымен бірлескен жұмыс жүргізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер