«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мұрат Әбенов: «Қазір біз нақты тиімді инновацияларды қолдануымыз қажет»

2016 жылғы 30 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
10200 просмотров

Егер қажет болса, шетелдік инновациялық технологияларды қабылдап, жергілікті жерлерге тарату қажет, деп есептейді ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары

Бұл туралы Мұрат Әбенов «Ауыл шаруашылығына инновациялық жетістіктерді енгізу мүмкіндіктері» деген тақырыпта Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында өткен дөңгелек үстел барысында айтты. Кездесуде қатысушылар ауыл шаруашылығы саласындағы ғалымдардың инновациялық жетістіктерін енгізу арқылы өнімдердің өнімділігі мен сапасын арттыру жолдарын талқылады.

«Біз ауыл шаруашылығына инновациялар енгізуіміз қажет. Қазір мұнай сатудан бюджетке түсетін ақша қысқарды. Мәселен, мұнай бағасы жақын арада қымбаттамайды. Сондықтан біз жоғары бәсеке жағдайында барлық  халықаралық талаптарға сай келетін өзіміз өндірген өнімдерді көптеп шығаруымыз қажет. Әрине, алдымен, бәсекеге қабілетті өнім жасау үшін жаңа технологиялар енгізу қажет. Ол, өз кезегінде, жаңа ғылыми зерттеулерді талап етеді. Өкінішке қарай, елімізде бұл салаға өте аз қаражат бөлінеді. Қаражаттың 95%-ы ғылыми зерттеулерге кетеді, өндіріске келетін ешқандай пайда жоқ», – деді ол.

Мұрат Әбенов мұны Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз назарына алғандығын атап өтті. «Біз қаражатты бақылап отырамыз. Қазір біз нақты тиімді инновацияларды қолдануымыз қажет. Егер қажет болса, шетелдік инновацияларды қабылдап алып, жергілікті жерлерге орнықтыруымыз қажет. Қазір Ұлттық кәсіпкерлер палатасы осы мәселемен айналып жатыр, Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы осы мәселенің оң шешілуіне мүдделілік танытуда. Ауылдарда жұмыссыздық деңгейі жоғары. Егер ауылдарды тиімді технологиялармен қамтамасыз ететін болсақ, бизнесті жолға қойып, өндіріс деңгейін арттыруға қол жеткізуге болады. Жастарды кәсіпкерлікке тартуымыз қажет. Жастарға ірі кәсіпорындарда жұмыс орындары қысқарып жатқандығын, жұмыс орта кәсіпкерлік субъектілерінде ғана бар екенін түсіндіруіміз қажет», – деп атап өтті ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, қазір жоғары білімі барлардың арасында жұмыссыздық деңгейі жоғары екен, яғни, 1,5 млн адам жұмыссыз деген сөз. «Сондықтан біз жастарды бос жұмыс орындары бар жерлерге бағыттауымыз қажет. Олар бірінші курстан бастап-ақ кәсіпкерлікпен айналысып, екінші курста жеке кәсіпкерлік немесе серіктестік ашып, оқуды бітірерге қарай өзіне жұмыс орнын дайындап қоюлары қажет. Сонда ғана оларда университетті бітірген соң жұмыссыз қалу қаупі болмайды. Жастар арасында кәсіпкерлік машықтарын дамытуға зор көңіл бөлу қажет», – деді Мұрат Әбенов.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов атап өткендей, қазіргі таңда түрлі бағыттарды жұмыс істейтін жас кәсіпкерлер саны артып келеді. Бұған мемлекеттік бағдарламалар да ықпал етіп отыр, деп есептейді ол. «Осы жылы «шағын  бизнес» жобасының шеңберінде облыс әкімдігі мен «Атамекен» ҰКП біріге отырып, жергілікті жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға 660 миллион теңге бөлді. Оған қоса, облыстық Палатада кеңестер алып, тегін оқу курстарына қатысуға болады. Қазіргі таңда идеяларын іске асыру үшін мүмкіндіктер іздеп жүрген жас кәсіпкерлер үшін  барлық жағдайлар жасалған. Оларға бизнестің жұмыс істейтіндігіне деген сенім ғана керек», – деді Ғалымбек Жақсылықов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер