«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Аудандық филиалдарда прокурор кабинеттері ашылды

2016 жылғы 22 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
9929 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының барлық аудандық филиалдарында прокурор кабинеттері ашылды

Бұған дейін біз облыстық Кәсіпкерлер палатасында прокурор кабинетінің ашылғандығын жазған едік. Прокуратура органдарымен жұмыс жасау кезіндегі тығыз қарым-қатынасты ескере келе, сонымен бірге, «бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлер құқығын қорғау үшін бірлесе жұмыс жасау мақсатында Палатаның барлық аудандық филиалдарында прокурор кабинеттері жұмыс жасай бастады.

Сіздердің назарларыңызға облыс және аудан орталықтарындағы прокурор кабинеттерінің жұмыс кестесін ұсынамыз. Қызылорда қаласы бойынша қалалық прокуратура өкілдері қабылдау жұмыстарын әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін жүргізсе, облыстық прокуратура өкілдері сейсенбі және жұма күндері 11.00-ден 13.00-ге дейін азаматтардың жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау жасап тұрады. Қабылдау мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Қызылорда қ., Әйтеке би к., 28-үй, 1-қабат. Қосымша сұрақтар бойынша Палатаның бөлім басшысы Ирина Кимға (ішкі 4319 ) немесе 40-09-81 нөміріне хабарласа аласыздар. 

Арал ауданы бойынша қабылдау жұмыстарын аудан прокуроры Б.Тоқмырза мен аудандық прокуратура прокуроры Б.Махамбетжанов әр аптаның сейсенбі және жұма күндері сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін өткізеді. Қабылдау Арал қ., Бақтыбай батыр к., 46, 2-қабат мекенжайы бойынша орналасқан «Наурыз құрылыс» ғимаратында жүргізетін болады. Байланыс телефоны: 8 (724) 3379199.

Қазалы ауданы бойынша қабылдауды аудан прокуроры Ғ.Едігеев пен аудандық прокуратура прокуроры Б.Махамбетжанов әр аптаның сәрсенбі және жұма күндері сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін жүргізеді. Қабылдау Қазалы ауданы, Әйтеке би ауылы, Әйтеке би к., 9, 2-қабат мекенжайы бойынша орналасқан «Бизнес орталық» ғимаратында жүргізетін болады. Байланыс телефоны: 87243879243.

Қармақшы ауданы бойынша қабылдауды аудан прокуроры Б.Мырзабаев пен аға прокурор Р.Алатаев жүргізеді. Қабылдау әр аптаның сейсенбі және жұма күндері сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін өтеді. Мекенжайы: Жосалы кенті, Т.Рысқұлов к., 8-үй, аудандық Кәсіпкерлер палатасы филиалының  2-қабаты. Байланыс телефоны: 8(724) 3721978, 22054, 79120.

Жалағаш ауданы бойынша аудан прокуроры С.Т.Бұдықов пен аудан прокуроры орынбасары Б.Әбділдәұлы әр аптаның сейсенбі және жұма күндері сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін өткізеді. Мекенжайы: Жалағаш елді мекені, Серке батыр к., 7. Байланыс телефоны: 87243179199.

Сырдария ауданы бойынша: аудан прокуроры А.Б.Тәженов пен аудан прокуроры орынбасары Т.А.Орақбаев әр аптаның дүйсенбі, сейсенбі күндері 11.00-ден 13.00-ге дейін келесі мекенжай бойынша қабылдау жұмыстарын жүргізбек. Мекенжайы: Сырдария ауданы, Тереңөзек елді мекені, Д.Қонаев к., 12 А. Байланыс телефоны: 872436-79179.

Жаңақорған ауданы бойынша қабылдауды аудан прокуроры М.Досмағамбетов пен аудан прокурорының орынбасары А.Абдуллаев өткізеді. Қабылдау әр аптаның сейсенбі және жұма күндері сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін өтеді. Мекенжайы: Жаңақорған елід мекені, А.Иманов к., 134 А. Байланыс телефоны:  87243579120.

Шиелі ауданы бойынша: аудан прокуроры Х. Жұмағұлов мен аға прокурор С. Әміреева әр аптаның сейсенбі және жұма күндері сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін қабылдау өткізеді. Мекенжайы: Шиелі елді мекені, Т.Рысқұлов к., №5 ғимарат. Байланыс телефоны: 8(724-32)-7-92-55.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер