«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бухгалтерлер ауыл кәсіпкерлерімен байланыс орнатады

2016 жылғы 22 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
10396 просмотров

Бухгалтерлік клуб жұмысына енді ауыл кәсіпкерлері де қатыса алады

Клубдың бірінші отырысына санаулы ғана адам қатысса, қазір ауқым біршама кеңейген. Аудандардағы кәсіпкерлердің өтініштері бойынша отырыстар селекторлық режимде өткізілуде.

Айта кетерлігі, Клуб жұмысына облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, жиындардың тақырыптарына қарай соған сай келетін салалардың мамандары қатысады.

Жақында Клубтың төртінші жиналысы өтті. Онда салық төлеушілердің бақылау-кассалық машиналарын қолдану жайы сөз болды. Кәсіпкерлердің сұрақтарына облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің, «Мемлекеттік әлеуемттік сақтандыру қоры» АҚ-ның, «Жаңа технологиялар» ЖШС-ның өкілдері жауап берді.

Кәсіпкерлердің өтініштері бойынша келешекте қаралатын жиналыс тақырыптарының аясын кеңейту жоспарлануда. Осыған орай бизнесмендер өздерін толғантатын сұрақтарын жауапты тұлғаға, яғни Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатоваға мына нөмірге қоңырау шалу арқылы немесе ғаламтор байланысы арқылы жібере алады: 8(7242) 40-09-81 (ішкі 4311), электронды пошта: g.tanatova@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер