«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Оқушылар тігін фабрикасында болды

2016 жылғы 20 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
11020 просмотров

Ерлер көйлегін шығаратын тігін фабрикасының қызметкерлері жергілікті оқушыларға кәсіпорынның өндірістік тыныс-тіршілігі туралы баяндап берді

Кәсіпкерлер палатасы облыстық Білім басқармасымен бірге өңір оқушылары үшін кәсіптік бағыт-бағдар беру шараларын өткізді.

Қалалық оқушылар, 3 ай бұрын ашылса да, республика бойынша танымал болып үлгерген, ерлер көйлегін тігіп шығаратын фабрикада болып қайтты.

Фабрика мамандары оқушыларға өз мамандықтарының ерекшеліктері туралы толығырақ айтып берді. Балалар, қазір сұранысқа ие мамандық иелерінен, жаңа технологиялардың көмегімен өмір сүру сапасын қалай жақсартуға болатынын білді.

Жапон технологиясы бойынша жасалған тігін машиналары мен оның құрылғылары Түркиядан әкелінген. Қазіргі таңда кәсіпорында 30-дан астам адам еңбек етеді. Күніне 100 көйлектен тігуден бастаған фабрика, қазір бір ауысымда 200-ден астам көйлек тігеді. Болашақта бұл көрсеткішті 400-500-ге дейін арттыру жоспарланып отыр. Кәсіпкер Ділмұхамед Абызовтың айтуынша, ол бұрындары ерлер көйлегін шетелден әкеліп сатқан екен. Қазір көйлектерді алып келіп сатқаннан гөрі, тіккен анағұрлым пайдалы екеніне көз жеткізіп отыр.

Қазір фабрика өнімі, Қызылордадан өзге, Алматы, Атырау және Шымкент қалаларында сатылады. Кәсіпкер жыл соңына дейін көйлектерді еліміздің барлық өңірлеріне және Ресейге экспорттауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ,  болашақта фабрика мектеп киімін де тікпек.

Оқушылар саяхатқа дән риза және де олар келешекте осы жерде өздеріне арналған еңбек тәжірибесін ұйымдастыруды сұрады. Ал Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлмира Әлназарова алдағы уақытта осындай кәсіптік бағыт-бағдар беру шараларының аудандарда да өткізілетінін хабарлады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер