«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Аралда құрылысшылар марапатталды

2016 жылғы 18 Тамыз
- Қызылорда облысы
13292 просмотров

Кәсіпкерлер палатасында облыстың үздік құрылысшыларына құрмет көрсетілді

Ел Президенті «Құрылыс саласы – экономика локомотиві» деген болатын. Қазіргі әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан, құрылыс саласы қарқынды түрде дамып келеді. Қызылорда өңірінде жыл сайын құрылыс жұмыстары белсенді жүреді.

«Биыл білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын жайлар және облыстағы жолдарға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Кәсіпкерлер инвестициясы есебінен салынған көптеген жаңа ғимараттар бой көтерді. Әлбетте, кез келген құрылыс көп еңбекті қажет етеді. Мұның барлығы құрылыс саласы жұмысшыларының, кәсіп иелерінің арқасы. Кәсіби мерекелеріңіздің қарсаңында Сіздерге алғыс айтқым келіп отыр», – деді Арал құрылысшыларына айтқан құттықтау сөзінде Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

«Біздің өңірдің климаттық ерекшеліктері барлықтарыңызға белгілі. Құрылысшыларымыз жаздың аптап ыстығында да, қыстың қақаған аязында да білек сыбанып, еңбек етеді. Құрылысшылар атынан Кәсіпкерлер палатасына көрсетіп отырған құрметі үшін алғыс айтқым келеді», – деді «Нұрай» ЖШС директоры Сейітқали Алшынбаев.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы А.Мырзахметов саладағы үздік жұмысшылар мен құрылыс компанияларының өкілдерін елдегі құрылыс индустриясының дамуына қосқан елеулі үлесі және адал еңбегі үшін Алғыс хаттармен марапаттағаны белгілі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер