«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлік құпияларымен бөлісті

2016 жылғы 09 Тамыз
- Қызылорда облысы
8755 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов "Арай-Sunris" балаларға арналған сауықтыру лагерінде өткен жасөспірімдермен кездесу барысында кәсіпкерліктің сан қырынан сыр шертті

Бұл іс шара өңірлік Кәсіпкерлер палатасының және «Жастар жетістіктері» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылған «Жастарды кәсіпкерлікке тарту» жобасының жалғасы болып отыр. Бірінші кезеңде №9 мектеп-гимназиясында 5-10 сыныптарға арналған «Кәсіпкерлік негіздері» атты факультативтік сабақ енгізілді. Жобаның екінші кезеңінде 40 ұстаз «Кәсіпкерлік негіздері» курсы бойынша біліктілігін арттырып, «Табысқа бастар жол» атты 1-ші жастар фестиваліне қатысты.

Ғалымбек Жақсылықов атап өткендей, жастар осындай кездесулер арқылы кәсіпкерлікті жүргізудің негізгі механизмдерімен мектеп табалдырығында жүріп танысатын болады. Сондай-ақ, Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Жанна Аманованың жүргізуімен бизнес-тренинг те өтті.

Іс-шараның соңында белсенділік танытқан жастарға Палатаның атынан естелік сыйлықтар үлестірілді.

Осындай кездесулер жақын арада басқа да аймақтарда өткізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер