«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сатып алулар әлі де жабық күйі қалуда

2016 жылғы 26 Шілде
- Қызылорда облысы
10753 просмотров

Егер отандық тауар өндірушілер сатып алуға жіберілмейтін болса,  тендер ұйымдастырып қажеті жоқ дейді өңірлік Кәсіпкерлер палатасындағылар

ӨКП мәлімдемесіне қарағанда, мемлекеттік органдардың әлі күнге дейін шетелдік тауар өндірушілерге бүйрегі бұрып тұрады. 

Палатаға кәсіпкерлерден тапсырыс берушілер техникалық ерекшелікті әдейі шетелдік өнімге орай қалыптастырады деген арыз түсуіне байланысты,  ӨКП прокуратурамен, қаржылық бақылау органдарымен бірге осы іске араласып, кінәлілерді жауапқа тарпақшы. Аталған отандық тауар өндірушілерге салқындық танытатын мұндай іс-қимылдар заңды бұзу болып табылады, өйткені олар отандық тауар өндірушілерді сатып алуға жіберуге кедергі келтіруде.

Бұл  туралы жергілікті тауар өндірушілермен кездесу кезінде айтылды.

Мемлекеттік органдар тарапынан жергілікті тауар өндірушілерге әлі күнге дейін  артықшылықтар берілмеуі Палатаның осындай мәлімдеме жасауына себеп болды.

Кәсіпкерлер палатасының директоры  Ғалымбек Жақсылықов  былайша ой өрбітті: «Отандық тауар өндірушілерді қолдау – қазіргі заман талабы. Бұл жағынан еліміздің Үкіметі мен облыс әкімі қолдау көрсетуде. Мысалы, биылғы жылдың 15 сәуірінде өңір басшысы Қырымбек Көшербаевтың демеуімен отандық тауар өндірушілерді қолдау жөнінде жұмыс комиссиясы құрылған болатын. Кәсіпкерлер палатасы мамандары жыл басынан бері облыста мемлекеттік мекемелердің сатып алуға қатысты 186 процеске талдау жүргізді. Қолда бар мәлімет бойынша, осы 186 мемлекеттік  мекемемен барлығы 10 млрд 397 теңгеге сату-сатып алу процесі болып өтті. Олардың ішінде отандық тауар өндірушілер, қызмет көрсетушілер, жұмыс жасаушылар еңбегін сатып алу 4 млрд 935 млн теңге сомасында. Бір қарасаң, статистика жаман емес. Конкурс нәтижелері бойынша, отандық тауар өндірушілердің  40%-ы жеңімпаз болып танылды. Дегенмен осы жерде заңды сұрақ туады, қалған 60 пайызда біздің өндірушілеріміздің үлесі неге жоқ?  Осыған байланысты біз қазір мемлекеттік мекемелермен сатып алуды ұйымдастыру барысына мониторинг жүргізудеміз».

Жаңа оқу жылы қарсаңында Кәсіпкерлер палатасы оқушыларға арналған мектеп формасын және жиһаз өнімін әзірлейтін тігін және жиһаз кәсіпорындарының облыстық көрмесін ұйымдастырмақшы. Шараны ағымдағы жылдың тамыз айының екінші онкүндігіне дейін жүргізу жоспарлануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер