«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Анасымен бірге нан пісіреді

2016 жылғы 19 Шілде
- Қызылорда облысы
14088 просмотров

«Микробизнес Қызылорда» жобасының арқасында Шиелі ауданы Тартоғай ауылының 21 жасар тұрғыны анасымен бірлесе отырып, наубайхана ашты

«Ұлым өз қатарластарынан бұрын қаражат таба бастады. Бала күнінен маған үйге, басқа шаруаларға көмектесетін. Мектепті бітірген соң жеке ісін ашуға шешім қабылдады. Көп ойланбастан наубайхана аштық, өйткені нан әрқашан керек. Ауыл тұрғындары арасында өніміміз жақсы сұранысқа ие. Сондықтан бизнесімізді кеңейткіміз келді, бізге қаражат қана жетіспей тұр еді», – дейді жас бизнесменнің анасы Қамар Жақаева.

Шиелі ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалының кеңес берушілерінің ауылға келе қалғандары жақсы болды. Олар ауыл тұрғындарын кәсіпкерлерді қолдауға арналған жаңа «Микробизнес Қызылорда» жобасы туралы хабардар етуге келген еді. Нағашыбай Серікбаев бірден Палата өкілдеріне көмек сұрай барып, олардың көмегімен барлық қажетті құжаттарды дайындады. Көп ұзамай ол «Қызылорда» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 3 млн теңге несие алды. Бұл қаржыға Нағашыбай мен анасы ауылда наубайхана ғимаратын тұрғызып, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды.

«Жастығыма қарамастан сенім білдіріп, ісімді ашуға көмек көрсетіп жатқан мемлекетке алғысымды білдіргім келеді. Өнімдерімізді ауылдағы мектепке, сондай-ақ дүкендерге өткізуді жоспарлап отырмыз. Мұнан өзге, аламын деушілер наубайханадан тікелей ала алады», – дейді жас кәсіпкер Нағашыбай.

Айта кетерлігі, Бүгінгі күнге дейін «Микробизнес Қызылорда» жобасы арқылы Сыр өңірінде жалпы құны 352,4 млн теңге болатын 54 жоба қаржыландырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер