«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Прокурорға тікелей шағымдана алады

2016 жылғы 08 Шілде
- Қызылорда облысы
10843 просмотров

Қызылордада Кәсіпкерлер палатасы жанынан Прокурор кабинеті ашылды

Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықовтың атап айтқанындай, Палата құрылғалы бері прокуратура органдары кәсіпкерлер құқығын қалпына келтіру және қорғау мәселелерін шешудегі маңызды механизмдердің бірі болып саналады. «Тығыз ынтымақтастық барысында, сонымен бірге «бір терезе» қағидасы бойынша қызметтер көрсету мақсатында Кәсіпкерлер палатасы жанынан Прокурор кабинетін ашу қажет шештік», – деп хабарлады Ғалымбек Жақсылықов.

Оның айтуынша, 2014 жылы Кәсіпкерлер палатасы мен облыс прокуратурасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, оның аясында табиғи монополиялар субъектілеріне, құрылыс, жер қатынастары және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарына 20 рет жоспардан тыс бірлескен тексерістер жүргізген. Нәтижесінде 200 кәсіпкердің құқығы қорғалып, 20 шенеунікке тәртіптік айыппұл салынған.

Облыс прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілеріне тағайындалған 30 заңсыз актіні алып тастады. Осылайша, келіп түскен 400 өтініштің 60%-ы прокуратура органдарының көмегінен соң шешім тапқан.

Палата бастамасымен облыс прокуратурасы бірінші болып салааралық штаб ашып, контрагенттер көмегімен адал ниетті кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі мақсатты жұмыс жасауда.

Сонымен бірге, азаматтар өтініштерін WhatsApp ұялы қосымшасы арқылы қабылдауға мүмкіндік бар, сондай-ақ арнайы ақпараттық жүйе енгізілген. Кәсіпкерлер құқығын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында прокуратурамен бірлесе өзге де әлеуметтік маңызды жұмыстар жүргізілуде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер