«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Президент: «Қазақстанға сенім артқан барлық компанияларға алғысымды білдіремін»

2016 жылғы 26 Мамыр
7862 просмотров

Мемлекет басшысы инвесторларға бірлескен экономикалық жобаларға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты

Қазақстан трансұлттық компаниялармен тиімді ынтымақтастық орната алды. «Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 225 млрд долларға тең тікелей инвестициялар құйылған. Мен осы қаражатты біздің елге салып, Қазақстанға сенім артқан барлық компанияларға алғысымды білдіремін. Бұл біздің елге деген, жүзеге асырылған реформаларға деген сенімнің көрсеткіші. Біз ұдайы осы сенімнің үдесінен шықсақ дейміз», – деді Астана экономикалық форумның пленарлық отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұдан ары Елбасы «1400 мектеп, 1300 денсаулық сақтау саласындағы нысан салынғаны, əлеуметтік салаға кеткен шығын мөлшері 6-дан 10%-ға дейін жеткені» туралы айтты. Индустрияландыру бағдарламасы бойынша 4 трлн теңгеге 1000 жаңа кəсіпорын іске қосылған. Қазақстан Президентінің айтуынша, «бұл 10 мың жаңа жұмыс орнының ашылуына септігін тигізген». Сонымен бірге, елдің халықаралық резерві, Ұлттық қор қаражатын есепке алғанда, 95-млрд.-қа тең немесе ЖІӨ-нің 50%-на тең болған.

«Бəлкім, бұл сан сіз үшін ешнəрсе аңғартпайтын болар, бірақ мұны айтып отырған себебім, кеңес үкіметінде денсаулық сақтау жəне білім беру саласында ешқашан мұндай жетістікке қол жетпеген. Тек соңғы 10 жыл ішінде өмір сүру ұзақтығы 64 жастан 73 жасқа дейін артқан. Бұл менің замандастарымның жеткен басты жетістігі деп санаймын»,– деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер