«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мәселе мақтаның бағасында

2016 жылғы 26 Мамыр
7960 просмотров

ҰКП мақта өндірушінің мүддесін қорғады

2014 жылы «Яссы групп» ЖШС (Қазақ мақта қауымдастығының мүшесі) «Атамекен» ҚР ҰКП-ға трансферттік баға белгілеу заңына сәйкес салық органдарының салық сомасын заңсыз есептеу мәселесі бойынша өтініш жасады. 

Осы компанияны қорғау және трансферттік баға белгілеу бойынша сот дауында құқықтық көмек көрсету жөнінде бірлескен жұмыс жүргізілді. Мақта бизнесін қорғауға қатысу және сауатты түрде дайындалған ұсыныстар мен түсіндірмелер ҚР Үкіметінің қаулысымен мақта-талшықты экспорттау кезіндегі нарықтық бағалар туралы ақпарат көзін таңдаудың тиісті әдістемесін бекітуге, ал Бас прокуратураға сот дауының мәнісіне бойлауға және заңды мүлтіксіз орындау жағынан өз ұстанымын сауатты жеткізуге мүмкіндік берді.

Осы іс-қимылдың нәтижесінде Жоғарғы сот 2016 жылдың 18 мамырында бизнестің пайдасына шешім шығарды, ол заңның салтанат құруының айқын мысалы ғана емес, сонымен бірге мамандандырылған және облыстық соттардың алдағы уақытта мақта экспорты кезіндегі трансферттік баға белгілеу саласында шығаратын шешімдері үшін де үлгі боларлық жағдай болып табылады.

«Яссы групп» ЖШС мен  ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті арасындағы трансферттік заңнама саласындағы есептеулердің заңдылығы туралы сот дауы үш жылға созылды және ақыры бүкіл мән-жайды және трансферттік бағаларды есептеу жөніндегі іс-әрекеттердің дұрыстығын анықтап берген Қазақстанның ең жоғары сот инстанциясының шешім шығаруымен аяқталды.  Және де мұнда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен  «Қазақ мақта қауымдастығы» ЗТБ зор еңбек сіңірді, олар «Яссы групп» ЖШС-нің өтініші түскен сәттен бастап жан-жақты қолдау көрсетті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер