«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жеңілдетілген несиелер өз иелерін күтеді

2016 жылғы 16 Мамыр
- Қызылорда облысы
10482 просмотров

Бизнесті дамытуға арналған ақшаны кәсіпкерлердің қайсысына беруге болатыны жөніндегі соңғы сөзді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Өңірлік кеңес мүшелері айтатын болды

Осы мақсатта Алматы және Ақтөбе облыстарында Несие комитеттері, ал Қызылордада – Қадағалаушы кеңес құрылды, олар кәсіпкерлердің несие алуға берілген өтініштерін қарауға кірісіп кетті.

Өңірлік кеңес бекітетін Несиелік комитеттің құрамына ӨКП қызметкерлері және Өңірлік кеңес мүшелері кіреді. Аталған шешім Өңірлік кеңестің мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы сұхбаттасу алаңы екендігіне байланысты қабылданды. Өңірлік кеңес мүшелері кәсіпкерлік субъектілері атынан жіберілген делегаттар, сондай-ақ қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдері болып табылады.

Өңірлік кеңес мүшелері өңірде кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетеді, және де олар өздерінің күнделікті қызметінде кәсіпкерлердің мұң-мұқтаждарымен жақсы таныс екендігі аян. Сол себепті өтініштерге қатысты шешім қабылдау құқығы дәл соларға берілуі де заңды.

Несие комитетінің төрағасын аталған комитеттің мүшелері дауыс беру арқылы тағайындайды.

Несиелік комитет несие алуға берілген өтініштерді қарайды және қараудың нәтижесі бойынша қарыз беру туралы шешімді дауысқа салады.

Қызылорда облысында несие алуға берілген өтініштерді қараумен Өңірлік инвестициялық орталықтың Қадағалаушы кеңесі айналысады, оған сонымен бірге Өңірлік кеңес пен ӨКП өкілдері де кіреді. Қадағалаушы кеңесті Өңірлік кеңес төрағасы басқарады. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер