«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шағын несиелендіру: жаңа мүмкіндіктер

2016 жылғы 16 Мамыр
15104 просмотров

«Атамекен» Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облысының шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беруге кірісіп кетті

Естеріңізге сала кетсек, несиелендіру «АЛМЭКС» холдингтік тобы» АҚ ұсынған қарыз есебінен жүзеге асырылады, оны ҰКП әр облысқа 300 миллион теңгеден бөледі.

Алматы және Ақтөбе облыстарының несиелендіру операторы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ.

Алматы облысында шағын несиелендіру сомасы 600 миллион теңгеге тең. Оның 300 миллионын ҰКП бөлсе, қалғанын әкімдік бөледі.

Ақтөбе облысының «сандықшасында» 900 миллион теңге жиналған. Онда ҰКП, әкімдік және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 300 миллион теңгеден бөлген.

Алматы облысы мен Ақтөбе облысының кәсіпкерлеріне 500 мың теңгеден 16 968 мың теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік бар. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі 6% болса, мерзімі – 4,5 жылға дейін.

Қызылордалық кәсіпкерлерді «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» шағын қаржылық ұйымы несиелендіреді. Мұнда несиелендіруге 660 миллион теңге қаастырылған, оның 300 миллион теңгесін ҰКП бөлсе, қалған 360 миллион теңгені облыстық әкімдік бөледі.

Өңірлік кәсіпкерлердің 7 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен 15 миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндіктері бар. Несие мерзімі – 5 жылға дейін.

Несие ауылдарда, моно және шағын қалаларда кәсіпкерлікті жандандыру мақсатында беріледі.

ҰКП-да атап өтілгендей, несиелер тұтыну, алдыңғы несиелерді өтеу, қарызын қайта қаржыландыру, жылжымайтын мүлік, жер телімін сатып алу және сауда-саттық мақсатында берілмейді.

Бизнесмендер несие алу үшін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына немесе облыстың Кәсіпкерлер палатасына барулары қажет.

Мамандар несие бойынша кеңес беріп, құжат жинауға көмектеседі.

 

Несиелендіру шарттары бойынша анықтама

Атауы

Алматы облысы

Ақтөбе облысы

Қызылорда облысы

1

Оператор

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (АШҚҚҚ)

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ

«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» Шағын қаржылық ұйымы» ЖШС (ӨИО)

2

Қаржыландыру көзі

ҰКП – 300 млн теңге

ҰКП – 300 млн теңге

ҰКП – 300 млн теңге

Әкімдік – 300 млн теңге

Әкімдік – 300 млн теңге

Әкімдік – 300 млн теңге

 

АШҚҚҚ – 300 млн теңге

 

3

ҰКП бөлген сома

50 млн теңге

50 млн теңге

50 млн теңге

Соңғы қарыз алушыны несиелендіру шарттары

1

Әлеуетті қарыз алушылар

Ауылшаруашылық және фермерлік шаруашылықтар, жеке кәсіпкерлер, шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде танылған заңды тұлғалар

2

Мақсатты тағайындама

Облыстың ауылды елді мекендерінде, моно және шағын қалаларында кәсіпкерлік әрекеттердің барлық түрлерін дамыту.

Несиелер тұтыну, алдыңғы несиелерді өтеу, қарызын қайта қаржыландыру, жылжымайтын мүлік, жер телімін сатып алу және сауда-саттық мақсаттарында берілмейді.

3

Несие сомасы

500 мың теңгеден 16 968 мың теңгеге дейін

500 мың теңгеден 16 968 мың теңгеге дейін

15 млн теңгеге дейін

4

Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Жылына 6 (алты) %

Жылына 6 (алты) %

Жылына 7 (жеті) %

5

Несие мерзімі

4,5 жылға дейін

4,5 жылға дейін

5 жылға дейін

6

Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік мерзімі

6 айға дейін

6 айға дейін

6 айға дейін

7

Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік мерзімі

Несиелендіру мерзімі ұзақтығының 1/3-нен аспайтын мерзімде

Несиелендіру мерзімі ұзақтығының 1/3-нен аспайтын мерзімде

 

8

Қамтамасыз ету

жылжитын/ жылжымайтын мүлік, жер телімі, автокөлік, ауылшаруашылық техникасы, құрал-жабдықтар, кепілдер, үшінші тұлғаның кепілгерлігі.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер