«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесмен болуды үйретеміз!

2016 жылғы 13 Мамыр
- Қызылорда облысы
10682 просмотров

«Бизнес-мектеп» компонентінің қызметін 456 қызылордалық пайдаланды

Кәсіпкерлер палатасы облыс тұрғындарын «Бизнес-мектеп» компоненті бойынша оқытуда. Курстар Қызылорда қаласы мен  облыстағы аудан орталықтарының Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында өтеді. Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Салауат Құлмаханның айтуынша, компонент қызметтерін 456 қызылордалық пайдаланған.

«Бизнес-мектеп» компонентінің не екенін білгісі келетіндер көп. Аталған жобаны егжей-тегжейлі түсіндіре кетсек.

«Бизнес-кеңесші» жобасы – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарды кәсіпкерлік қызмет негіздеріне қысқа мерзімде оқыту.

«Бизнес-Өсу» жобасы «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстан өткені туралы сертификаты бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін оқытуды қарастырады. Бұл оқыту кәсіпкерлерді кәсіпкерлік қызметті жүргізу және дамытудың функционалдық бағыттары бойынша (тізімге сәйкес кәсіпкер таңдауына қарай) қысқамерзімді оқытуды (біліктілікті арттыру) өз ішіне қамтиды.

«Тәлімгерлік қағидаларын қолдану арқылы жобалық оқыту» жобасы «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстан өткені туралы сертификаты бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кәсіпкерлерді кәсіпкерлік қызметті жүргізу және дамытудың функционалдық бағыттары бойынша (тізімге сәйкес кәсіпкер таңдауына қарай) қысқа мерзімді оқытуды (біліктілікті арттыру) өз ішіне қамти отырып, тегін  әрі оқу соңында қатысушыларға бизнес-жоспар даярлап, оны қорғауды жүзеге асыратын оқытуды қарастырады. Оқыту мен тәлімгерлікті жүзеге асыру үшін әрекеттегі кәсіпкерлер тартылады.

Оқу кестесі http://kyzylorda.palata.kz/ сайтында орналасқан.

Қызметтер тегін ұсынылады.

Анықтама алу үшін мына телефондар арқылы байланыса аласыз: 40-02-02, 40-08-74

Сall-Center – 59 79 60.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер