«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнестің қыр-сырын тегін үйретеді

2016 жылғы 20 Сәуір
- Қызылорда облысы
10487 просмотров

Қызылордада 343 азамат «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша курстан өтті

Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Бауыржан Қыдырбекұлының айтуынша, «Бизнес-кеңесші» курсының аясында өз ісін бастаймын деп тілек білдірушілерге тегін оқудан өту және кәсіпкерлік саласындағы білімдер мен машықтарды меңгеру мүмкіндігі беріледі.

Сондай-ақ, олар өз кәсібін қалай құру керек, нарықты қалай зерттеуге болады, жаңадан кәсіп бастаған азаматтарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бар ма деген сұрақтарға білікті жауап ала алады. Қазір қызылордалықтар арасында бағдарлама бойынша оқуға тілек білдіргендер саны күн өткен сайын артуда.

Мәселен, жыл ішінде 800-ге жуық азаматты оқыту жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 343 қызылордалық аталған жоба бойынша курстан өтіп үлгерді. Оның 231-і – ауыл тұрғындары. Бұл 2 айдың ғана нәтижесі.

Ақпарат үшін: Қызылорда қаласы мен аудандарында «Бизнес-кеңесші» оқу курстарын өткізу кестесі:

20-21 сәуір – Қызылорда қаласы, Әйтеке би к., 28;

27-28 сәуір – Қызылорда қаласы, Әйтеке би к., 28;

3-4 мамыр – Қызылорда қаласы, Әйтеке би к., 28;

17-18 мамыр – Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа к., 147в;

19-20 мамыр – Арал ауданы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр к., 46;  Қызылорда қ., Әйтеке би к., 28.

24-25 мамыр – Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Рысқұлов к., 5;

26-27 мамыр – Қызылорда қаласы, Әйтеке би к., 28;

1-2 маусым – Қызылорда қаласы, Әйтеке би к., 28;

6-7 маусым – Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Рысқұлов к-сі, 8;

15-16 маусым – Арал ауданы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр к., 46;  Қызылорда қаласы, Әйтеке би к., 28;

29-30 маусым – Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Қонаев к, 12.

Бұл тегін, қысқамерзімдік екі күндік оқу курсы екенін еске саламыз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер