«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті тежейтін кедергілерді алып тастау қажет

2016 жылғы 15 Сәуір
- Ақтөбе облысы
12630 просмотров

Мемлекет пен бизнестің өзара ықпалдастығы кәсіпкерлік белсенділіктің тұрақты өсімін қамтамасыз етеді

Қазақстанның бизнес-омбудсмені Болат Палымбетов Ақтөбе облысы Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты. Шағын, орта және ірі бизнестің 300 басшысы қатысқан кездесу «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ғимаратында өтті.

Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің өкілі Исламбек Салжанов 2,5 жыл ішінде Қазақстанда бүкіл отандық бизнес-қоғамдастық басын біріктірген қуатты институттың құрылғанын атап өтті.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов осы уақыт ішінде Ұлттық палатаға 11 500-ге жуық кәсіпкерден өтініші келіп түскенін айтты. Олардың көп бөлігі бизнестің дамуына кедергі болып отырған жүйелі проблемаларға қатысты. Сондай-ақ, олардың қатарында жер қатынастары салаларына, сәулет және салық органдары жұмыстарына қатысты мәселелер де бар. Оның айтуынша, бұл мәселелер Ақтөбе облысы үшін де өзекті болып отыр. Негізінен, жергілікті кәсіпкерлер жер телімдерін алумен және олардың нысаналы мақсатын өзгертумен, салық салумен, сонымен бірге жеке мектепке дейінгі мекемелерге мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезіндегі жан басына шаққандағы қаржыландыруға байланысты қиынтықтармен бетпе-бет келіп жатады. 

Бұған қоса, белгілі бір қиындықтарға қарамастан, облыс «Іскерлік климат» рейтингіндегі көрсеткіштерін жақсартып, бүгінде ең қолайлы бизнес-климат жөнінен Астанадан кейін екінші орында тұр. Бизнес-омбудсменнің пікірінше, бизнес пен билік арасындағы өзара жақсы әрекеттестіктің белгісі барлық деңгейдегі мәслихаттардың 204 депутатының 109-ның кәсіпкер болуы.  

«Біз мемлекет пен бизнес арасындағы өзара әрекеттестік экономиканың дамуы мен әлеуметтік мәселелерді шешудің қайнар көзіне айналып, кәсіпкерлік белсенділіктің тұрақты өсімін қамтамасыз етуін қалап отырмыз. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр, оларды табысты шешу біздің кәсібилігімізге, біліктілігімізге байланысты және біз оларды шешуіміз қажет», – деді бизнес-омбудсмен.

Кездесу барысында бизнес-қоғамдастық өкілдері жер телімдерінің, қаржы құралдарының қолжетімсіздігімен байланысты өзекті проблемалар айтылды. Кездесу барысында салық салу мәселелері де сөз болды.

Мысалы, туындаған салықтық және өзге де міндеттемелерді ерікті орындау бөлімі бойынша субъектілердің заңды құқықтарының аяққа тапталу мәселелері жөнінде Ақтөбе облысы мемлекеттік кірістер департаментіне айыптыларды жауапкершілікке тарту арқылы кәсіпкерлердің заңды құқықтарын бұзу тәжірибесіне тоқтау салу туралы ұсыныс тасталды. «Бүгінде күш біріктіретін кез келді: бизнестің дамуы үшін көбірек мүмкіндіктер беріп, барлық кедергілерді болдырмай, жаңа белестерге ұмтылу қажет», – деді Болат Палымбетов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер