«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкер қорғалды, сиырлар биркамен жүр

2016 жылғы 31 Наурыз
9076 просмотров

Астаналық кәсіпкер «Атамекен» ҰКП-на мемлекеттік органмен арадағы ұзаққа созылған дауды шешіп бергені үшін алғыс айтты

«ZTOWN Development»  ЖШС-нің ұжымы Сізге және Сіздің ұжымға біз бен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық эпизоотикаға қарсы отряд» РММ арасында ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру бағдарламасын орындауды қамтамасыз ету бойынша қалыптасқан жағдаяттың шешімін табуына ықпал еткендеріңіз үшін шынайы алғыс білдіреміз.  Сіздер баға жетпес қолдауды, сондай-ақ, отандық кәсіпкерлік мүдделері мен құқықтарын қорғауды іс жүзінде көрсеттіңіздер», – делінген  «ZTOWN Development» компаниясының директоры Әділжан Райымқұловтың Ұлттық палата атына жазылған хатында.   

«ZTOWN Development» ЖШС аспалы биркалар шығаратын отандық өндіруші болып табылады. Мемлекеттік грант бағдарламасы шеңберінде ол ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруге арналған отандық  мультикомпоненттік құлақ биркалары өндірісін іске қосты. Сонымен бірге,  мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің барлық сатысында, келісім-шарттық міндеттемелерді орындауға дейін, компания Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты ведомстволық мекеме – «Республикалық эпизоотикаға қарсы отряд» РММ тарапынан жасанды түрде құрылған жүйелік кедергілерге тап болды.  Мемлекеттік орган ЖШС-ні мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шартты дұрыс орындамады деп кінәлау үшін немесе оны адал ниетті емес деп тану үшін уақытты әдейі созды.

Осыған орай Ұлттық палата Ауыл шаруашылығы министрінің атына қалыптасқан жағдаяттың басын ашу жөнінде өтініш жіберді. Сонымен бір мезгілде Бас прокуратураға да хат жолданды.  

Соның  нәтижесінде «Республикалық эпизоотикаға қарсы отряд» РММ АШМ-нің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті сатып алуды қаржыландыруды қысқартты-мыс деген желеумен «ZTOWN Development» ЖШС-мен арадағы келісім-шартты негізсіз бұзды. Осыған байланысты «Атамекен» қайтадан Ауыл шаруашылығы министрлігіне, сондай-ақ ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа хат жолдады. Онда ҰКП алаңында «ZTOWN Development» ЖШС-мен, Қаржы министрлігімен, Ұлттық экономика министрлігімен, Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен және Бас прокуратурамен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен бір уақытта бірлескен мәжіліс өткізу ұсынылды.    Сонымен, Ұлттық палатада және АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінде өткен мәжілістерден кейін «ZTOWN Development» ЖШС-нің «құлақ биркалары» тауарын қабылдау туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер