«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Астана әкімдігі «Атамекеннің» ұсынысын қолдады

2016 жылғы 30 Наурыз
8338 просмотров

Қазақстан астанасында ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге несие беру жеңілдетілмек

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаевтың жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге негізделген бастамасы нақты сипатқа ие бола бастады.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың 2 наурызында Астана кәсіпкерлерінің ІІІ жыл сайынғы конференциясы барысында елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Тимур Құлыбаевтың толық қолдау көрсетіп отырғандығын алға тартып, оның ұсынысы жайлы айтқан болатын. «Біз «Атамекен» ҰКП Төралқасы Төрағасымен әңгімелестік, әңгіме барысында осындай ұсыныс жасалды. Қала әкімшілігі ҰКП басшысының идеясын бірден қолдады. Бүгінде біз жасына және саласына қарай шектеу қоймастан, 1-2 млрд. теңге шегіндегі стартаптарға қолдау көрсетудің жаңа бағдарламасын қолға алу мәселесін қарастырып жатырмыз»,– деген болатын әкім.

Бүгін, 30 наурыз күні, мәселенің шешімі іс жүзінде жүзеге аса бастады. Әділбек Жақсыбеков пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрағасы Қаныш Тілеушин Шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағдарламасын іске асыру бойынша серіктестік туралы меморандумға қол қойған. Меморандумның негізінде әкімдік пен «Дамудың» ШОБ саласындағы стартап-жобаларға қолдау көрсету үшін жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға 1 млрд. теңге бөлетіндігі жоспарланып отыр. Тағы бір айта кетерлік жайт, бұл ретте ешқандай салалық және жастық шектеулер енгізілмейді және бұл екінші деңгейлі банктер арқылы жүргізілетін несие беру жобаларының мән-жайларын талқылау барысында «Атамекен» ҰКП басшылығының тағы бір түбегейлі ұсынысы болып саналады.

Сонымен, жаңа Бағдарламаға қызметтері келешектегі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін, экономиканың басымдыққа ие салаларының тізбесіне енбеген кәсіпкерлер қатыса алады. Қарыздың ең жоғары мөлшері 50 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайды. Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7,9%, ал несиені қайтару мерзімі – 7 жылға дейін. Несие берілетін жобаларды Астаналық кәсіпкерлер палатасының мамандары таңдайтын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер