«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жеке бизнес ашыңыз!

2015 жылғы 28 Желтоқсан
- Жетісу облысы
12659 просмотров

Колледж студенттеріне бизнесмен болудың жолдары жайлы айтылды

Алматы облысы Ақсу ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалының консультанттары аудан үшін көп жылдардан бері кадрлар даярлап келе жатқан Ақсу политехникалық колледжінің түлектерімен кездесті.

Мұндай кездесулердің мақсаты – жастардың назарын ісін бастаушы кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына аудару.

Студенттерге жастардың жұмысқа тұру және жұмысбастылық мүмкіндіктерінің кең көлемі ұсынылды. Сонымен, Ақсу ауданындағы филиалдың Кәсіпкерлерді қолдау орталығының консультанты Әйгерім Шаяхметова колледж бітірушілеріне олар үшін ең перспективалы нұсқа жеке бизнес ашу екенін жеткізді. Қазірде ісін бастаушы кәсіпкерлер үшін мемлекеттік гранттар баршылық. Олар сонымен қатар гранттық қаржыландыру байқауына қатыса алады. Ісін бастаушы кәсіпкерлерге арналған гранттар қалыптан тыс ойлауға ие, ерекше ойларын өмірге келтіруді армандайтын, белсенді жастар үшін маңызды демеу болып табылады.

Аталмыш бағдарлама көптеген жастардың ерекше қызығушылығын тудырып, олар консультанттардан егжей-тегжейлі ақпарат алуға асықты.

Студенттерге дәл осы ісін бастаушы кәсіпкерлерді қолдау үшін дайындалған мемлекеттік бағдарламалардың басымдылықтары түсіндірілді. «Бизнестің жол картасы-2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында грант алуға байқауға қатысу жайлы сұрақтар көптеп қойылды.

Студенттер сонымен қатар бизнесті бейқаржылық қолдау аясында Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері жүргізетін «Жас кәсіпкер мектебі» және «Бизнес-кеңесші» оқыту семинарларына біршама қызығушылық танытты. Түлектер көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып, өз идеяларын ортаға салды. Студенттерге сонымен қатар «Дипломмен ауылға», «Жұмыспен қамту-2020» сияқты мемлекеттік бағдарламалар таныстырылды.

«Семинар оқушылар үшін аса танымдық және пайдалы болды, - деп атады Ақсу политехникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Аманбаев. – Алматы облысы Ақсу ауданындағы Кәсіпкерлер палатасының филиалына жастарға назар аударғандары үшін алғыс білдіргіміз келеді. Себебі дәл осы балалар ауданымыздың әрі жалпы мемлекетіміздің болашағы және үміті».

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер