«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауыл бизнесмендеріне қажетті қолдау

2015 жылғы 24 Желтоқсан
- Қызылорда облысы
12178 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен Қармақшы ауданында 95 жаңа жұмыс орны ашылды

Бұл туралы Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Қармақшы аудандық филиалы директоры Жамбыл Жұмабаев жеткізді.

Палатаның аудандық филиалдары және Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары барлық тілек білдірушілерге жеке іс ашуға жәрдем көрсетеді. Жыл басынан бері филиал қызметкерлері бизнес-жоспарлар дайындауға көмектесті, жалпы сомасы 257,7 млн теңгеге 77 жобаны сүйемелдеу бойынша қызмет көрсетіп, бұл 95 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

«Сарапшы-мамандарымыз жобаларды толығымен сүйемелдеп қана қоймай, бизнес үшін нақты бағдарлар береді. Бұл жерде жергілікті тұрғындар сұраныстарын назарға аламыз. Мысалы, ауданда жарнама баннерлері мен билбордтар әзірлейтін агенттік болған жоқ. Тұрғындардың 180 шақырымда жатқан облыс орталығына баруына тура келген кездер де болды. Сондықтан да консультация алуға келген адамға осы бизнесті қолға алуды ұсындық. Нәтижесінде, тұрғындардың да сұрауы қанағаттандырылды, кәсіпкердің ісі де өркендеуде», - дейді филиал директоры Жамбыл Жұмабаев.

Сонымен бірге, бизнесмендердің құқықтарын қорғау жөніндегі мәселелерінің барлығы дерлік оң шешім тапты. Мысалы, жеке кәсіпкер Ғалым Шаймановқа Қызылорда облысы еңбек саласындағы басқармасының заңсыз салған 79 280 теңге мөлшеріндегі айыппұлы Палата араласуының арқасында күшін жойды.

Кәсіпкерлер палатасы Қармақшы филиалының қызметкерлері жыл басынан бері 12 бизнесменнің құқығын қорғады. Кәсіпкерлерді қолдау орталығы 724 клиентке 921 қызмет түрін көрсетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер