«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ең жақсысы – қауіпсіз ойыншықтар

2015 жылғы 27 Қазан
- Батыс Қазақстан облысы
15702 просмотров

Кәсіпкерлерге елімізге балалар ойыншықтарын әкелу ережелері түсіндірілді

Үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Қытай, Ресей және Белорусьтан балалар ойындары мен ойыншықтарын әкелуге және сатуға тыйым салынды.

БҚО Кәсіпкерлер палатасына аталмыш өнімді әкелумен және сатумен айналысатын шағын бизнес өкілдерінен ҚР аумағында ойыншықтар мен балалардың ойын приставкаларын әкелу мен өткізу тәртібін түсіндіруді сұраған ұжымдық өтініш келіп түсті.

Палатаның сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің мамандары ойыншықтарды әкелумен және сатумен айналысатын кәсіпкерлерді шақырып, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бизнесмендерге КО аумағына әкелінетін және сатылатын балалар ойыншықтарына «Ойыншықтар қауіпсіздігі туралы» КО техникалық реттемесінің бекітіліп, 2012 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енгенін түсіндірді. Осылайша, КО аумағына әкелінетін барлық ойыншық түрлері міндетті сертификаттауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілді, және де нарыққа шығарар алдында өнім техникалық реттеме талаптарына сәйкестікке міндетті бағалау процедурасынан өтуге тиіс.

Қазақстанда шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторий аяқталған соң барлық жоспарлы тексерістер тоқтатылды. Дей тұрғанмен, қандай да бір ақпарат алған кезде мұндай тексерістер жүргізіліп, оның нәтижесінде аталмыш өнімнің жоғарыда көрсетілген нормаларға сәйкессіздігі белгіленді. Оның нәтижесі Қытай, Ресей және Белорусьтан ойыншықтарды әкелу және сатуға тыйым туралы қаулы болып табылады.

Қапаланған кәсіпкерлер көмек сұрап Палатаға келді. Мұнда оларға аталмыш тыйымның уақытша сипатта болғанын, қазірде қаулының күші жойылғаны түсіндірілді.

Бизнесмендерге тауарды сатып алған кезде ойыншықтың сапасы мен қауіпсіздігі туралы куәландыратын сәйкестік сертификатын талап ету ескертілді, себебі аталмыш өнімге санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг белгіленген тәртіпте жүзеге асырылатын болады.

«Заңнамадағы барлық өзгерістерді, сонымен қатар мезгіл-мезгіл шығарылып отыратын заңға қосалқы актілерді қадағалап отырудың айтарлықтай қиын екенін түсінеміз, - деді БҚО КП сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің бастығы Эльмира Өтешева. – Сондықтан да барлық жаңа енгізілімдерді түсіндіру үшін мүмкіндігінше кәсіпкерлердің басын қосып отыруға тырысамыз».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер